ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

БАЯНАУЫЛДА ӨРТ ӨШІРІЛДІ

18:48, 23 қыркүйек 2019

Баянауылда болған өрт өшірілді. Жалын шарпыған аумақ бес жүз гектарға жуықтайды. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндірушілер мен еріктілерді қосқанда барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Қазір бес ауылдың аумағындағы өрт толықтай өшірілген. Өрт салдарынан қаза болған немесе зардап шеккендер жоқ.

Қыркүйектің 21-сі күні түскі уақытта аудандық өртке қарсы қызмет бөліміне Баянауыл мемлекеттік табиғы ұлттық паркіне қарасты Күркелі ауылдық аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түседі. Одан кейін Қызылтау, Бірлік, Қаратомар және Ақсан ауылдары маңында от тұтанған. Жамбақы, яғни Жасыбай көлі ауданындағы өрт 22 қыркүйек күні шығып 93 гектар жерді жалын шрпып кеткен. Оқиға орнында 138 адам мен 40-қа жуық өрт сөндіру техникасы жұмыс жасады. Өскемен қаласынан арнайы МИ-171 тік ұшағы щақыртылған.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД бастығы:

Жамбақы жерінен басқа Қызылтау ауылдық округі 69 га жерде, Күркелі ауылдық округінде 23 гектар жерінде Қаратомар ауылдық округінде 17 га жерде Бірлік 31 гектарп жерде және Ақсан -9 гектар жер көлемінде далалық жану өрт оқиғаларды тіркелді. Бұл өрттердің бәрі сөндірілді.

Орын алған оқиғаға байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өрт сөндіруге қарсы арнайы штаб құрылып, оттың тұтану себебін анықталып жатыр. Қызыл жалынмен күресуге 120-дан астам техника және еріктілермен қоса 500-ге жуық адам жұмылдырылған. Баспасөз маслихатынан белгілі болғандай, өрт оқиғасының орын алуына таулы аймақтағы ауа температурасының жоғарылауы мен жылдамдығы секундына 20-24 метр болатын қатты жел себеп болған. Дегенмен, бұл әншейін болжам ғана. Нақты себеп салдары, тергеу жұмыстарынан кейін белгілі болады.

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ, Зұлхарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...