ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

БАЯНАУЫЛДА БІР ОТБАСЫ ОПАТ БОЛДЫ

16:05, 7 ақпан 2019

Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында бір отбасы опат болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам ыс тиіп уланып көз жұмған. Қазір оқиғаның нақты мән жайын тиісті органдар анықтап жатыр.

Өткен түнде Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында қоралы жан ыс тиіп қырылып қалды. Төтенше жағдайлар таратқан мәліметке сүйенсек, 40 жастағы отағасы әйелі және 2007, 2004 жылдары туған ұл мен қыз бала ыс тиіп қайтыс болған. Сонымен қатар, көз жұмған әйелдің аяғы ауыр болыпты. Қазір оқиғаның нақты мән жайы анықталып жатыр.

АСҚАРБЕК ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БІРЫҢҒАЙ КЕЗЕКШІЛІК ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

6-ақпан күні сағат 21-30да бірыңғай кезекшілік қызметіне Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық мекенінен хабарлама келіп түскен болатын, төрт адамның мәйіті табылды деп. Оның ішінде екі бала. Олардың қаза болған себебі қазіргі уақытта анықталып жатыр.

Төтеншеліктер әзірге мән жайды анықтап жатқанда Баянауыл ауданы көмек көрсету әрекетіне көшіп үлгерді. Белгілі болғандай шаңырағы опырылып түскен отбасының тағы екі қызы Баянауыл ауданының орталығында интернатта оқиды екен. Жергілікті әкімдік оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етеміз дейді.

НҰРСҰЛТАН ШАЙХИН, БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Біз қазір ол екі қызға олар осында оқып жатыр ғой Баянауылда, колледжде,  сол екі қыз тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Служебный жилье ретінде беріледі. Кетпесе ешқайда тұра береді.

Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметі, полиция, прокуратура және жергілікті атқарушы билік өкілдері жұмыс атқарып жатыр.

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМГЕ ҚОЛ КӨТЕРГЕН АЗАМАТТЫҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
11:59, 12 ақпан 2019
ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМГЕ ҚОЛ КӨТЕРГЕН АЗАМАТТЫҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС Қ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА БЕС ҚАБАТТЫ ҮЙДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
12:47, 12 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА БЕС ҚАБАТТЫ ҮЙДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНДА  ПЕДОФИЛГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ  ШЫҚТЫ
12:22, 8 қараша 2018
ПАВЛОДАРДА АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...