ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ

18:53, 16 шілде 2019

14 шілде күні басталған өрт ауыздықталды. Облыстық әкімдікте өткен кеңесте Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов қандай шаралар қабылданып жатқанын мәлім етті. Шамамен 40 гектар жерді шарпыған өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 30 бірлік техника жұмылдырылған.

Жиын барысында Баянауылға Қалқаманнан, Екібастұздан және Майқайыңнан көмек келгенін мәлімдеді аудан әкімі. Сондай-ақ, Өскемен қаласынан тікұшақ  келді. Жалпы алғанда, өрт ауыздықталды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Павлодар облысының әкімі қатты желді ескеретін болсақ, таулы аймақтан өрт шығу ауыр  жағдай екенін атап өтіп, өртті толық сөндіргенше және ауа температурасы түскенге дейін тәулік бойы кезекшілік жүргізуді тапсырды.

 

Сонымен қатар, Болат Бақауов Павлодар облысында тұрғындардың тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылуды жалғастыруы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны үшін жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылардың жұмысын сынға алды. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста 17 адам суға кетті, оның 7-уі бала, тек өткен демалыста 6 адам суда ажал құшты, оның ішінде төрт бала бар, - деді аймақ басшысы.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

ТЖ қала және аудан әкімдері халықтың суға шомылу орындарын тексермеген. Бұдан бөлек, тиісті жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейді. Ең қуатты дауыс зорайтқыштарды қойыңыздар және суға шомылатын адамдарға судағы ережелер туралы ескертіңіздер. Усолка құтқару станциясы жанында адамдар шомылуға тыйым салынады  деген белгінің қасында шомылады, ал төтеншеліктер қарап отырады. Олар неге отырады? Жағалау мен «Ертіс» шаңғы базасы ауданында да дәл сондай жағдай. Тыйым салу белгісі тұрса да , адамдар суға шомылады және оған ешкім назар аудармайды.

Фактілерді жай ғана айтудың қажеті жоқ, жұмыс жасау керек, - деді аймақ басшысы.          Облыс әкімі жергілікті жерлерде басшылардың жағдайды бақылауға алуын талап етті.

 

Марина САХАРОВА.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...