ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БАЛАСЫН ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРЫП КЕТКЕН

12:38, 12 қараша 2019

Өткен түнде 102-ге Қамзин көшесіндегі пәтерлердің бірінде бала жылап жатқаны жайлы хабарлама түседі. Оқиға орнына дереу жеткен полиция 2015 жылы туған баланың үйде бір өзі ғана екенін анықтады.

Жанар Белялова, полиция департаментінің ресми өкілі:

Сағат таңғы 04:00 шамасында Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың анасы келіп, 11 қараша күні түнгі 00:30 шамасында кафеге кетіп, бала сол кезде ұйықтап жатқанын түсіндірді. Үйге сағат 03:00 -де келіп, көршілерінен баласының полицияда болғанын білген. Медициналық тексеріс қорытындысына сәйкес, әйел мас күйінде болған. Осы факті бойынша Павлодар қаласының 33 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтың 127 бабы бойынша іс қозғалды.

2019 жылдың басынан бастап, полиция қызметкерлері балаларды  тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 430 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты және 204-і ата –ана құқығынан айырылған.

 

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...