ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР БАҚЫЛАУСЫЗ БОЛМАСЫН!

19:21, 6 тамыз 2019

Павлодарда қайғылы оқиға орын алды. Өкінішке орай, бөлмеде жалғыз қалған 4 жастағы бала 5 қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ауыр жарақаттардың нәтижесінде баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қайғылы жағдай 2 тамызда  кешкі уақытта болған.  Бектұров көшесіндегі бес қабатты үйдің терезеден 2014 жылы туған сәби  құлап түсті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себептері мен жағдайлары анықталуда.

Алма Мұсабекова, полиция департаменті баспасөз қызметі басшысының м.а:

Бірнеше рет жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына дереу жеткізілді, өкінішке орай ол қайтыс болды. Бұл оқиға бойынша ақпарат тіркелді, сараптама тағайындалды, болған жағдайдың барлығы нақтыланды.

Жалпы, жыл басынан бері балалардың терезеден  құлау  фактісі бойынша 3 оқиға  тіркелген. Екі жағдайда бүлдіршіндер  аман қалды. Баланың қауіпсіздігі үшін ата-аналар терезелерге арнайы торлар орнатып қана қоймай, әрине, оларды қараусыз қалдырмауы қажет.  Бүгінгі таңда барлық  терезе жасаушы компанияларда қауіпсіз терезе акциясы шеңберінде жеңілдіктер де қарастырылған. Құлыптау терезелерін бала өмірін сақтап қалу үшін әрбір ата-ана орнатқаны жөн.

Айман Оспанова, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты:

Қауіпсіз терезелер торкөздерінің бағасы  2500-ден 4 мыңға дейін.  Менің ойымша  оған барлығы қол жеткізе алады. Әр баланың өмірі осы темір торкөздерден қымбат. Сондықтан балалар үшін үнемдеу - бұл жай әншейін  қылмыс дер ем. Мен барлық  ата-аналарға, таныстарға, достарға, туыстарға, павлодарлықтарға үнемі хабарласамын.  Оны дәл  бүгін орнату керек!

Бала өміріне бей-жай қарауға болмайды. Адам баласының бар байлығы – бауыр еті баласына ешкім де, ештеңе де жетпейді! Абай болыңыздар!

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...