ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

БАЛА ҚҰТҚАРЫЛДЫ

22:37, 26 тамыз 2020

Қаладағы Торайғыров 8 мекен жайындағы тұрғын үйдің бесінші қабатынан 5 жастағы бала құтқарылды. Баланың терезеге мініп кетуіне не себеп болған? Қазіргі жағдайы қалай?

Терезе алдында тұрған бес жастағы бала туралы хабарлама «112» пультіне түскі 12:52 минутта келіп түскен. Оқиға орнына бірден жеткен құтқарушылар пәтерге төбеден түсіп терезеден кіруге мәжбүр болды. Анасы пәтерде ұйықтап жатқан баласын кілтке салып, дүкенге кеткені белгілі болды. 

Ербол Теміров, ТЖД баспасөз хатшысы:

Оқиға орнына келген жедел құтқару жасағының қызметкерлері төменге түсіп, 5-ші қабаттағы пәтерге төменнен кірді. Құтқаршылар енгеннен кейін баланың анасы бес минуттан кейін өз кілтімен есікті ашып, үйге кірді. Баланы анасына табыстадық.

Осы ретте құтқарушылар, ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, пәтерлердің терезелерін арнайы тежегіштермен бекітуге шақырды.  Айта кетейік, биылғы жылдың өзінде облысымызда екі бала  бесінші қабаттан құлап кеткен. Қуанышқа орай балалар аман, дендері сау.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
19:29, 27 қыркүйек 2020
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар