ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АВТОЦИСТЕРНА ЖАРЫЛДЫ

19:25, 24 қазан 2019

Облыс орталығында оқыс оқиға. Транспортная көшесі бойында автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты. Екіншісі жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Апат кеше кешкілік уақытта болған. Өрт сөндірушілер мен құтқару бөлімшелері келген сәтте жарылыс салдарынан шатырдың құлағанын және 8 шаршы метр аумақта автоцистернаның өртенгенін анықтаған.

Александр Савиных, куәгер:

Жұмыс ауысымы аяқталып жатқан кез. Барып киімімді ауыстырып жатқанмын. Тарс еткен дауыс естілді. Қарасам маған қарай есік ұшып келеді. Орындықтың тұрғаны жақсы болды. Кедерге жасап қалды. Ол болмаса, бүгін ауруханаға баруға тура келер ме еді. Мен басыңда ештеңе түсінбедім. Мені әлі де есімді жия алмай тұрмын. Өз-өзіме енді келіп жатырмын.

Алдын-ала дерекке қарағанда, жанар-жағармай таситын көлік бос болған. Жабық бокс ішінде тұрыпты. Жарылыс қатты болғаны соншалық,  көршілес бокстарды да зақымдаған. Темір-бетон ғимараттың 250 шаршы метр аумағы опырылып кеткен. Өрт сөндірушілер жіті қимылдап үйіндінің астынан екі адамды алып шықты. Олардың бірі сол жерде бірден көз жұмды, екіншісі жедел ауруханаға жеткізілді.

Кеңес Әкілжанов, политравма бөлімінің меңгерушісі:

Науқас ауыр жағдайда жеткізілді. Бірқатар диагностикалық емдеу шаралары, терапия жүргізілді. Науқас есін жиды. Диагностикалық емдеу шаралары жалғасуда. Қазіргі таңда оны операцияға дайындап жатырмыз.

Оқиға орнында сарапшылар тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Аумақ толығымен тексерілетін болады.

Асқар Қапанов, облыстық еңбек инспекциясының басшысы:

Бұл жерде еңбек қатынасы, жұмыс беруші мен қаза болған азамат арасында қандай келісім шарт және ғимараттың иесі кім, немес жалға алынған ба, бұны анықтап жатырмыз. Зардап шеккен екінші азаматтан да түсініктеме аламыз. Содан кейін арнайы көмиссия құрылып, тексеріс жұмыстары басталады.

Жыл басынан бері еңбек қатынастарына қатысты облыста өліммен аяқталған 7 жазатайым оқиға және 70-тен астам жарақат алған. Әріптестерінің айтуынша қаза тапқан адамның артында жұбайы және екі баласы қалған.

Александр Савиных, куәгер:

Ол өте қарапайым, мейірімді, жақсы адам болған. Мен әлі күнге дейін оның қаза болғанына сене алмаймын.

Бұл оқиға жергілікті әкімдікті де сілт еткізді. Олар барынша марқұмның отбасына  қолдан келгенінше көмек беруге дайын.

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Мен сіздерге толықтай қазір жауап бере алмаймын. Тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан кейін толық жауап беремін. Ал әкімшілік тарапынан марқұмның отбасына, балаларына көмектесуге дайынбыз.

Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...