ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

АВТОБУСТАРДЫ АТҚЫЛАҒАН АЗАМАТ ЖАЗАЛАНДЫ

20:10, 10 қыркүйек 2019

Өткен аптада екі күнде бес бірдей қоғамдық көлікке оқ жаудырып, жұрттың зәресін алған 32 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік жаза қолданылды. Ол жеті тәулікке қамауға алынып, 50500 мыңге айыппұл салынды.

Павлодардың тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған оқиға өткен аптада болған. 32 жастағы азамат Малайсары көшесі бойында №40 бағыттағы қоғамдық көлікке және тағы бір маршруттық автобусқа пневтикалық қарудан оқ атқан. Артынша полицияға тағы үш автобус жүргізушісі шағымданған еді. Полиция тәртіпсіз тентекті көп ұзатпай қолға түсірген. Тәртіп бұзушы сол кезде автобустардың дабылқаққышы мазасын алғанын айтқан болатын. Әкімшілік сот өз тарапынан 2 бап бойынша үкім шығарды.
 

Бақыт Шоқпарова, Павлодар қаласының әкімшілік соты баспасөз  қызметінің хатшысы:


Әкімшілік істі қарастырған уақытта Павлодар қаласының тұрғыны өз күнәсін толықтай мойындады. Және де пневматикалық қарудан көліктерге емес, ағаштарға оқ атқанын айтып түсіндірді. Алайда оқ кездейсоқ  автобусқа тиген. Сот шешімімен сәйкес заң бұзушы 1 ісі бойынша 7 тәулікке қамауға алдынды. Және де 2 ші іс бойынша 50500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Пневматикалық қару тәркіленді. Алайда, күллі қаланы дүрліктірген істің нүктесі қойылған жоқ. Полиция департаменті қылмыстық кодексінің 293 бабы бойынша іс қозғағандарын айтады.   

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...