ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

5 ЖАСАР СӘБИ АЛТЫНШЫ ҚАБАТТАН ҚҰЛАДЫ

17:08, 22 қазан 2018

Алтыншы қабаттан құлап, аман қалған! Павлодарлық кішкентай сәби көпқабатты үй терезесінен оқыста тайып кетіп, жазым бола жаздады. Оқиға өткен сенбі күні кешкі алтылар шамасында орын алған. Терезенің москит торына сүйеніп тұрған 5 жасар қыз бала қас-қағым сәтте жерге құлаған.

Абырой болғанда, ол үй іргесінде өсіп тұрған қарағаш талының үстіне түседі. Дәл сол мезетте жолай кетіп бара жатқан біреу шалқасынан жатқан сәбиге дереу алғашқы көмекті көрсеткен.  Ол кеудесі қысылып қалған   сәбиге жасанды жолмен  тыныс алдырып, демін қалпына келтіріпті. Кейін жедел жәрдем қызметі жетіп, баланы облыстық ауруханаға жиырма минут ішінде жеткізіпті. Қазір балғын дәрігерлердің қарауында. Жағдайы біршама жақсарды, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді,- мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...