ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

2017 жылдың қорытындысы бойынша Павлодарда қылмыс азайған

15:03, 14 наурыз 2018

2017 жылы өңірде қылмыс саны біршама азайған. Мәселен, бір ғана қоғамдық орындардағы құқық бұзушылық 22,8% болса, көше бұзақылығы 19,3%-ке кеміген. Бұл туралы бүгін жергілікті полиция қызметінің бастығы Жасқайрат Қайыров журналистермен өткен брифинг барысында хабарлады.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Жасқайрат Қайыровтың айтуынша,  өткен жылы өңірде қылмыс саны 22,4% азайған. Оның ішінде тонау, ұрлық, бұзақылық секілді ұсақ құқықбұзушылықтар  бірашама кеміпті. Мәселен,  2016 жылы 280 бұзақылық  іс тіркелсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш  153-ке дейін төмендеген. Сол секілді жасөспірімдер арасындағы қылмыстар да 45,4% тежелген. Ал жол апаттары  880 нен 872-ге қысқарыпты.       

ЖАСҚАЙРАТ ҚАЙЫРОВ,  Павлодар облыстық  жергілікті полиция қызметінің бастығы

Сондай-ақ, жол көлік оқиғалары 9% -ке да азайған. Оның ішінде қаза тапқан адамдар саны 25%. Ал жарақат алғандар 2,3%-ті құрады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында   жергілікті полиция қызметі өткен жылы «Қауіпсіз трамвай» акциясын ұйымдастырды. Онда тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған плакаттар мен ақпараттық жаднама қағаздар таратылған. Ал биылғы жылы тұрғындардың тыныштығын қадағалап,  қылмыстарды алдын алу үшін  камерлар орнатылуда.

ЖАСҚАЙРАТ ҚАЙЫРОВ,  Павлодар облыстық  жергілікті полиция қызметінің бастығы

Қоғамдық орындар мен көшедегі қылмыстарды азайту мақсатында  шаралар жүргізілуде. Бұл мақсатта  «Сергек» деп аталатын 1700 ден астам камера орнатылуда.  Ол  қылмыс көп жасалатын көше қиылыстары мен жол апаттары орын алатын көшелерге қойылады. Бұл бейнебақылау құрылғылары Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы қауіпсіздікті бақылайды.

Бүгінгі таңда бұл бейнебақылау құрылғыларының 80% жуығы орнатылған. Қазіргі уақытта қалған бөлігін аяқтау жүргізілуде. Осылайша, енді көп қаббатты тұрғын үйлер  қатаң бақыланатын болады дейді, жергілікті полиция қызметінің бастығы.   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...