ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

Қазақ телевизиясына 60 жыл. Дауысымен көрермен баураған Нағима.

12:02, 12 наурыз 2018

Павлодар өңірлік телеарнасының алғашқы қарлығаштарының бірі- Нағима Байәділова. Оның аты ширек ғасыр бойы көгілдір экран аңызы ретінде ғана емес, павлодарлық нәзік жандылар арасындағы қазақ тілді алғашқы тележүргізуші ретінде де телеарна тарихында қалған.

Өткен ғасырдың ширек ғасырдан астам уақыттағы облыс телеарнасының көрермендеріне бұл дауыс, бұл келбет аса таныс, әрі етене жақын. 30 жыл бойы осы үн, осы бейне Ертіс-Баян өңірінің телекөрермендерінің сүйіктісіне айналды. Осы өңірге телевизия саласы енді келіп, жаңа өнерді игеру кезінде халық арасынан осындай таланттың табылуы үлкен олжа еді.

Сан мыңдаған хабарды, күнделікті жаңалықтарды, мерекелік шығарылымдарды тікелей жүргізіп, көремендерді баурай алған Нағима Байәділова еңбегі мен таланты қатар ұштасқан жа еді деп еске алады сол кездері қызметтес болған әріптестері.

Ол кісіге арналып 1974-жылы ЖОО-да дипломдық жұмыс та қорғалған. Әйгілі диктордың теңдесіз өнерінің әсері «Телевизиядағы дикторлық» атты дипломдық зерттеудің жазылуына әсер етіпті.

Шолпан Байғалы диктор Нағима Байәділовамен 15-жылдай уақыт бірге жұмыс істеп, талантына куә болған жандардың бірі. Ол кісі жайлы көптеген естеліктердің де куәсі телеарна дикторына қойылатын талаптардың барлығы диктор Нағиманың бойында болды дейді.

Нағима Байәділова 25 жасында телеарнаға келіп, күллі ғұмырын, денсаулығын телеарнаға арнады. Бұдан бөлек, Павлолар өңіріндегі алғашқы қазақ дикторы ретінде де аты тарихта қалды.

Тақырып бойынша материалдар

Астанада "Тұмар" байқауының қорытындысы шықты
12:17, 19 наурыз 2018
Астанада "Тұмар" байқауының қорытындысы шықты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...