ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАЙҚАУЫ

16:16, 17 мамыр 2019

Бүгін Катаев атындағы Оқушылар сарайында оқушылар арасында «Жол ережесін бұзбау және қауіпсіздік шараларының алдын-алу» мақсатында облыстық байқау басталды.

Сынға түсіп жатқан өңір оқушылары жолдың қауіпсіздік шараларын әркім білуі тиіс – дейді. Байқауға 100 ден аса үміткер қатысып, бақтарын сынауда. Адам және оның өмірі басты құндылығымыз. Аталмыш байқау жыл сайын облысымызда Білім басқармасы мен Полиция департаментінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Сынға сайланып келген оқушылар сайысқа сақадай сай екендіктерін айтады.

Әділет Найболлаев, Майқайың кентінен қатысушы:

Мен «Жігер» командасының жасампазшысымын. Біздің мақсатымыз балаларды жол ережесіне үйретіп қауіпсіздік шараларын сақтау. Мен өзім жол ережесін жақсы білемін және басқаларға айтып жүремін.

Өткен жылы дәл осындай сайыста барлық аудандар арасынан аламанның алды боп келген Ақтоғай ауданы болатын. Биылғы жылы кімнің бағы мен бабы келісетінін, жарыс қорытындысы көрсетеді. Бұл жайлы келесі жаңалықтарымызда айтамыз.

Әсел ЖАҚСЫБАЙ, тілші:

Бүгін қаламыздағы «Оқушылар сарайы» алдында өтіп жатқан «Жол ережелерін бұзбау және қауіпсіздік шараларының алдын-алу» атты бұл сайысқа облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан 100 ден аса үміткер қатысуда. Әр азамат жастайынан жол ережелерін бұлжытпай орындаса, нұр үстіне нұр.

Тақырып бойынша материалдар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
11:07, 13 қыркүйек 2019
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
16:11, 9 қыркүйек 2019
ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...