ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

15:37, 18 ақпан 2020

Павлодарлық оқушылар республикалық байқаудан 29 медальмен оралды.

Жас зерттеушілердің бұл жетістігі «Ертіс Дарыны» аймақтық оқу-әдістемелік орталығының 20 жылдығымен тұспа-тұс келді. Ғылыми жобалардың сайысы 11 және 14 ақпан аралығында  Алматы қаласында өткен болатын. Білім додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 730 бала қатысты. Облыстық кезеңнің 49 оқушысы 34 жобаны қорғап, өз білімдерін сынға салды.

Бақдәулет Нұрмат, облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы:

Оқушыларымыз республикалық ғылыми жобалар конкурсында 29 медаль жеңіп алды. Бұл өткен жылғы медальдар санынан артып отыр. Өткен жылы 21 ғана медаль деңіп алған едік. Бұл ұстаздар мен оқушылардың зор еңбегі деп білеміз. Жыл сайын өтетін оқушылардың ғылыми жобалар конкурсы биыл екінші рет ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, онлайн   режимде өтті. Яғни, әр ұстаз онлайн өзінің оқушысының қатысып отырған көре алды.

Дастан Бекболатұлы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-гимназия интернатының тарих пәнінің мұғалімі:

Тақырып өте қызықты болды. Себебі, биылғы Алтын орданың 750 жылдығына байланысты, «Өлкетану» секциясы бойынша жазған болатынбыз. Яғни, Ертіс-Баян өңіріндегі Алтын орда дәуіріне тән археологиялық ескерткіштер қарастырған болатынбыз. Сабақ барысында картаны қолдағанда, тек картадан ғана көрсетпей, сонымен қоса, технолгияны пайдалану, яғни QR кодтарды пайдалану арқылы бала Қазақстан аумағындағы, тіпті, Павлодар өңіріндегі Алтын дәуіріне тән археологиялыцқ ескерткіштерді видеоматериал ретінде көре алады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
15:11, 25 қазан 2020
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
МОДУЛЬДІК ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ АШЫЛДЫ
15:16, 25 қазан 2020
МОДУЛЬДІК ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ АШЫЛДЫ
Толығырақ...