ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ФОРМАТ

21:21, 28 шілде 2020

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қазақ тілінен тестілеудің жаңа форматын енгізді. 2020 жылдың мамыр айында мемлекеттік басқару академиясы қазақ тілін деңгейлік оқыту тұжырымдамасы негізінде «ResmiQazTest» қазақ тілі бойынша тестілеудің жаңа форматын әзірледі.

Шаһардағы мемлекеттік басқару академиясынының филиалы да жаңа өзгерістер бойынша жұмыс жасайды. Яғни, әр мемлекеттік қызметкер оқу біліктіліктерін арттыру үшін арнайы курстан өтеді. Тест әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленген. Ол  базалық деңгей және еркін деңгей сияқты халықаралық тестілеу орталықтарының орфографиялық нормаларын қамтиды. ResmiQazTest төрт бөлімнен тұрады: тыңдау, лексика-грамматика, хат және сұхбат. Осылайша, мемлекеттік қызметкерлер тілдік дағдыларды жетік меңгеруге мүмкіндіктері бар.

Гүлнұр Оразалина, облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы:

ResmiQazTest аясында мемлекеттік қызмет академиясына түсетін үміткерлер пилоттық режимде тестілеуден өтуде. 14-31 шілде аралығында үміткерлер оны онлайн платформада тапсыруда. Егер үміткер базалық деңгейден нәтижесін көрсетсе онда оқу жылының басталғанына дейін осы академияның қашықтықтан оқытуына немесе басқа да тілдерді оқыту орталықтарынан   өзінің қазақ тілін жетік меңгеру деңгейін көтере алады.

Қазіргі уақытта ResmiQazTest мемлекеттік басқару академиясына түсетін үміткерлер пилоттық форматта сынақтан өтуде. Басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің мәтінді дұрыс құрастыру қазақ тілінде және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар