ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА

19:48, 26 желтоқсан 2019

Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында заманауи кітапхана ашылды. Мектеп кітапханасы жаңа технологиямен жабдықталып, кітаптармен толыққан.

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатындағы кітапхана жөндеуден өтті. Бұрын оқу залы және кітап қоймасынан тұрған. Енді мектеп қабырғасында заманауи форматтағы кең кітапхана жасақталды.

Асхат Оралов, облыс әкімінің орынбасары:

Үш ай сайын осы мектепке келіп тұрамыз. Бірінші қыркүйек күні де келіп кеттік. Облыс әкімінің қолдауымен 50 млн теңге грант бөлінді. Ең алдымен осы мектептің оқушыларына барлық жағдай жасалу керек. Өйткені осы дарынды балаларға арналған, әсіресе ауыл жастарын қолдау керек деген біздің міндетіміз.

Мектеп кітапханасының қорында 30 мыңға жуық кітап бар. Оның 7 мыңнан астамы оқулықтар. Мектепте «Кітап сыйла» науқаны да қолға алынған. Науқанға ата-аналар мен мектеп түлектері де ат салысты.

Шыңғыс Асығатұлы, 7 сынып оқушысы:

Осы кітапханада кітаптар саны артты. Кез келген кітабынды таба аласын. Тағы айтатыным, мына жерге смарт теледидарлар және ыңғайлы орындықтар  қойылды.

Атап өту керек, биылғы жылы гимназия 50 млн теңге грант иеленген. Білім ордасының директоры мектепке берілген қаражатқа атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті.

Шоқан Қалдыбаев, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның директоры:

Ата-аналармен ақылдастық. Енді алдағы уақытта біздің балаларымыз үшін соңғы үлгідегі заманауи кабинеттер ашуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде робототехника, химия, биология, физикаға ортақ сыныптар ашу көзделген. Кабинеттеріміздің техникалық базасын жаңарту.

Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда 444 оқушы білім алады. Оның 400-ге жуығы ауылдық аймақтардан келген дарынды шәкірттер.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...