ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҮЗДІК ЖАС БАҒДАРЛАМАШЫЛАР

19:56, 8 қараша 2019

Павлодарда тоғызыншы обылстық жасөспірімдердің пәндік олимпиадасы өтіп жатыр. Өңіріміздің 110 оқушысы үздік бағдарламашылар мен биологтар атағына таласуда.

Биылғы бағдарламашылар мен биология пән бойынша тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр.  Олимпиаданың ерекшелігі кіші, орта және жоғарғы лига болып бөлінеді. Жоғарғы лиганың құрамында мамандандырылған мектептің оқушылары мен Назарбаев Зияткерілк мектебінің тәлімгерлері бар. Орта лигаға қала мектептері қатысса, кіші лигада  аудандық оқушшылар сайысады.

Азамат Шаймұрат,  «Ертic дарыны» орталығының басшысы:

Әр лиганың өзіндік тапсырмасы бар. Жоғарғы лиганың тапсырмалары күрделі болса, орта лиганікі орташа, кіші лиганы сәл төмендеу деңгейде әзірленген болатын. Соның өзінде де жалпы аудан оқушылары тапсырмаларды шығара алмады деп айтцға болады. Өйткені биология пәнін алатын болсақ екінші турында практикалық бөлімі болды, микроскоппен. Кейбір ауданның  оқушылары микроскоппен де жұмыс жасай алмайтындығы анықталды.

Ұйымдастырушылар олимпиадашылардың бәсекелестігіне барлық жағдай жасалғанына қарамастан өкінішке орай, жасөспірімдердің кіші лигасында бірде-бір жүлделі орынға ие болған жоқ,  дейді.  Сондай-ақ,  келесі жылы конкурс алдында ауыл мектептерінен келген қатысушылар үшін дайындық семинарлары өтеді деп уәде берді.

Азамат Шаймұрат, «Ертic дарыны» орталығының басшысы:

Бағдарламалау өтіт информатика пән бойынша. Бұл жерде бірінші орынды мамандандырылған мектептердің арасында 10 лицей мектебінің оқушысы Келген ұтып алса, қалалардың арасында 4ЖОББМ Павлодар қаласынынң Максим дейтін оқушысы иеленген болатын. Өкінішке орай кіші лиганың өзінде аудан оқушыларының ешқайсысы орын алған жоқ.

Бұнымен зияткерлік жарыстар аяқталмайды. Жасөспірімдер олимпиадасының кезеңі 19-шы қарашаға дейні жалғасады. Алда, математика, география, химия және физика пәндері бойынша тестілеу өтеді.

 

Бақытнұр Бейсенбайқызы, Сабина РАХИМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
11:26, 6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...