ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ҰЛЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР

18:43, 11 қазан 2020

«Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар». Дәл осындай атпен еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жаңа жоба қолға алынды. Жобаға кімдер қатыса алады?

Бұл Назарбаев Зияткерлік мектебінде тарих пен құқық пәндерінен беретін Нұрболат Теміровтың жобаға әзірлеген ролигі. Бейне қысқа ғана болса да, онда  23 жылдық үзілісті қамтитын екі сурет салынған. Негізі, Нұрболат Теміров Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 7 жылдай жұмыс жасайды. Оның айтуынша, жоба өте қызықты болып көрінген. Сондықтан оған қатысуға ниет білдіріпті.

Нұрболат Теміров, Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің сарапшы-мұғалімі:

Қызығушылықпен бала кездегі фотоларды ашып, мына фотоны тауып алып. Дәл осындай жыл мұғалімі сайысындағы грамотамен ұқсас. Мысалда бала кезбен болашақтағы байланысты көрсеткен жоба болды. мен үшін өте бір ерекше жоба болды мен үшін. Себебі өткен шаққа балалаық шаққа бір саяхат жасап келдік.

Осылайша  бұл жобаға еліміздегі барлық 20 Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары қатысты. Олардың қатарында Павлодардағы аталмыш мектептің 90-ға жуық мұғалімдері де бар.  Барлығы да ұстаздар мерекесіне орай балалық шақтарына саяхат жасап, естелік суреттермен бөлісті. Мектеп директорының сөзінше, әлеуметтік желіде, ата-аналар, оқушылар жобаға қолдау танытып, жақсы қабылдаған.

Ринат Жұмабаев, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

Бұл жобаның негізгі мақсаты - педагогтың мәртебесін заңына сәйкес, ұстаздар мәртебесін көтеру, ұстаздар мен оқушылар арасындағы байланысты дамыту. Жоба арқылы қашықтан оқытып жатса да мерейі тасып қалсын деген мақсатта. Барлық мұғалім қатысты. Үйлесетінін көрсетті. 

«Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» жобасы әлі де жалғасын табуда. Айта кетейік, Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 130 мұғалім жұмыс істейді. Олар 700-ден астам оқушыға білім береді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар