ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ҰБТ-НЫҢ ТӨРТ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

19:45, 25 маусым 2020

Ұлттық бірыңғай тест басталған төрт күн ішінде 843 түлек сынақ тапсырды. ҰБТ талаптарын бұзған 17 тест тапсырушы аудиториядан шығарылды. Тағы 39 түлек сынақ тапсырудан өз еріктерімен бас тартқан. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында айтылды.

Биылғы жылы өткен Ұлттық Бірыңғай тестілеу бұрынғыдан өзгеше болды. Пандемия уақытында, ең алдымен түлектер сақтық шараларын қатаң ұстануы қажет. Орын саны 50 пайызға қысқартылып, оқушылар шахмат тәртібімен жайғастырылды. Биыл 3772 оқушы мектеп аяқтады. Және түлектер саны былтырғыға қарағанда 189 балаға артық.

Жомарт Қарамбаев, білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

Қазіргі кезде, біздің облысымызда 21-маусымнан бастап, қатаң санитарлық ережелерді сақтай отырып, ҰБТ дәстүрлі қағаз түрінде өткізіліп жатыр. Биылғы жылы алғаш рет ҰБТ-ға кірген кезде тұлғаны тану үшін фэйс-айди жүйесі қолданылды, және ҰБТ соң электрондық сертификаттар беріледі.

Төрт күн ішінде 17 түлек тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін аудиториядан шығарылды. Енді, олар 1 жыл бойы ЖОО құжат тапсыра алмайды және тестілеуге қатысу құқығынан айырылды. Айта кетейік, шаһарымызда 1 түлетің ҰБТ күні температурасы көтеріліп, тест тапсыру кейінгі қалдырылды. Және түлектердің тестілеу нәтижесі 25-тамызға дейін бейнебақылаудан тексеріледі.

Жомарт Қарамбаев, білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

25 тамызға дейін бейнекамералар қаралады. Сондықтан, шешім қабылданады. Шектеулі балл ала қалмай қалған балалар және ҰБТ жіберілмеген оқушылар колледжге түсе алады.

Біздің өңірде ҰБТ тапсыру 21-маусымда басталған. 4-шілдеге дейін жалғасады. Биыл аймақта 3772 түлек мектеп бітірді. Оның 3250-і, яғни 86,2 пайызы ҰБТ тапсырады.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар