ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҰБТ БАСТАЛДЫ

11:47, 20 қаңтар 2020

Қазақстанда Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жылына 4 рет өткізіліп, түлектер білімдерін тексере алады. Тестілеу қаңтар айына жоспарланған.

Қаңтар айындағы білім сынағына 2,5 мыңнан астам түлек қатысады деп жоспарланған. Жоғарғы оқу орындарына түсуші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді  алғаш болып Торайғыров Университетінде тапсырды. Шекті бал 50 ұпайды құрайды. Оқушылардың білім додасына қала мектептерімен қатар, Ертіс ауданы қатысуда.

Қобыланбек Қожин, арнайы мониторинг тобының жетекшісі:

Биылғы тестілеудің ерекшелігі телефон және басқа да құлаққа тағатын қөұрылғылар, смартсағаттар болсын ғимараттың ішіне алып келгеннің өзі ереже бұзылды деп есептеліп аудиторияға кіргізілмей акт толтырылоып ғимараттан шығарылып жатыр. + Бұл тестілеудің нәтижесін бүгін түстен кейін сайттан қарауға боаолды. Барлық нәтижесін кешкісін көреді.

Сынақ барысында заңсыз фактілерге жол берілмейді. Сол себепті, ҰБТ мамандардың арнайы бақылауында.   

Ардақ Балғожин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті  басшысының бірінші орынбасары:

Оқушыларға ҰБТ барысында қатаң тәртіп сақталған. Емтихан тапсыру барысында тәртіп бұзушылыққа жол берілмеу басты назарда.  Жатсарды емтихан барысында адалдыққа, дұрыс жол, яғни шынайы біліммен тапсыруға шақырамыз.

ҰБТ ертең Павлодар, Екібастұз, Ақсу және Баянауыл аудандарында жалғасын табады.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар