ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ҰБТ-2020. ТӘРТІП ҚАТАЛ!

10:57, 25 маусым 2020

Облыста Ұлттық бірыңғай тест тапсыру жалғасуда. Сынақтың ережесін бұзғандар да анықталып жатыр. Ондайлардың тест нәтижелері жойылды. Темірдей тәртіпке бағынбағандар аудиториядан да шығарылып жатыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы оқушылар тарапынан тәртіп бұзушылықтар орын алуда. Тестілеудің алғашқы күні Ақтоғай ауданында тестілеу орнынан 4 оқушы шығарылды. Екінші күні Тереңкөл ауданында 3 оқушы аудиториядан қуылды. Кеше Ақтоғай ауданда және облыс орталығында бір бір тест тапсырушы шығарылды. Бұған дейін ҰБТ тәртібі туралы ақпараттар айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Дегенмен, тәртіпке бағынбай сан соғып қалғандар бар.

Еркінбек Аязбаев,  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Енді алдымызда 4 шілдеге дейін жалғасатын тестте оқушылар бюілу керек. Тәртіп бұзған жағдайда шығарылады. Ең негізгісі бұнымен қоса, осы тамыз айының 25не дейін өткізілетін видеожазбаны тексеру барысында бұл арнай бағдарламамен жасалған тексерістің арасында қайтадан шығады. Кім тиым салынған заттары қолданғаны. Соның арқасында балалардың алған балы сертификаттағы және гранттың шешімі жойылады. Аннулировать етіледі. Осыны ата-аналар түсіну керек, балалар түсіну керек. Тәртіпті бұзбау керек.

Бүгін Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларының түлектері ҰБТ  тапсырды.  Осы күнге дейін өтініш берген 617 түлектің ішінен ҰБТға нақты қатысқандары 585. Соның ішінде ҰБТ тапсырудан бас тартқандар 21.

Жомарт Қарамбаев, білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

Олар әр түрлі себеппен бас тартып отыр. Олардың бүгінгі күні түлектердің құқығы бар. Солардың ішінде көбі колледжге түсу себебімен бас тартып отыр. Және түлектердің ішінде бір түлегіміз әчскер қатарына шақырылып, сол себепті қатыспай отыр. Содан кейін Ресейге көшу мәселесімен осы тестцілекді тапсырудан бас тартып отыр. Бүгінгі күні дене температурасының көтерілуіне балйанысты, тестілеуге кіргізілмеді. Бірақ бұл түлекке кейін күн белгіленеді.

Биылғы тәртіп қатал. Бастысы білім сапасының жоғары болуы. Ол үшін әр оқушы өз біліміне сенуі қажет. Бұл бүгінгі күннің талабы.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар