ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ТҮЛЕКТЕР КЕШІ ОРТАЛЫҚ ЖАҒАЖАЙДА ӨТЕДІ

18:00, 11 маусым 2018

«Жас толқын» барша Ертіс-Баян тұрғындарын шақырады!!! Биылғы мектеп бітіру кешінің дәстүрлі орны да, мәні де толықтай өзгерді. Көптен күткен думанды қуаныш иелері ғана емес, барша қала тұрғындары да тамашалай алады. Бұл туралы Білім басқармасының жетекшісі Дінислам Болатханұлымен өткен брифинг барысында мәлім болды. «Жас толқынға» енгізілген жаңашылдықтардың негізгі себептерін Рымбек Қабиден сабақтап береді.

«Жас толқын-2018» түлектер кеші алғаш рет орталық жағалаудағы жаңа «Ертіс-Променад» сахнасында өткізілмек. Бұл шешімді Білім басқармасы 7 себеппен байланыстырды. Алғашқысы – дәстүрлі орынды ашық аспан астындағы амфитеатрға алмастыру болса, екінші ерекшелік -  аймақтағы 209 «Алтын белгі» иегерінің айтулы салтанатқа толықтай қатысатыны. Мерекеге енгізілген тағы бір өзгешелік  - кеш қонақтарының ауқымы. Биылғы «Жас толқынды» тек түлектердің ұстаздары мен ата-аналары емес, барша павлодарлықтар да тамашалай алады.  Көрем деушілерге шектеу жоқ!

ДІНИСЛАМ БОЛАТХАНҰЛЫ, білім басқармасының басшысы

Ақсақалдарымыз, ақ жаулықты әжелеріміз келіп, бағаларын берсін, немерелерімен бірге болсын, ата-аналарымен құшақтасып тұрсын, ешкім оларға ешқандай кедергі жасамасын, ашық аспан астында осындай іс-шараны өткізіп, отбасымен бірге керемет күнді өткізсін деген үлкен ой ғой. 

Себеп тудырған негізгі себептердің тағы бірі – орталық алаңның жөндеу жұмыстарына жабылуы. Бірақ, бұл да шараның өткізілуіне тосқауыл болған жоқ. Тіпті, керемет сәттің шырқын шыбын-шіркей де бұза алмайды. Облыстың бас ұстазы орынды себептерді орайлы қалжыңмен сабақтады. Түлектер көпшілігінің қалауымен биылғы «Жас толқынға» «САМАЯ ВЫШКА!!!» әнімен танымал Артур мен Райм келеді. БиэН тобы да болады. Кеш жүргізушілері Серікбол Сайлаубек пен Анар Батырхан да кеш көрігін қыздыруға дайын.

Рымбек ҚАБИДЕН

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:35, 7 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ САРАПТАМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...