ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ТОРАЙҒЫР АУЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

08:49, 12 маусым 2018

Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында жазғы сауықтыру лагері ашылды. Онда, балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына барынша жағдай жасалған. «Балдәуреннің» демалушылары Баянауылдағы қасиетті орындарды да тамашалай алады.

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері мектеп ғимаратынан бөлек орналасқан бұрынғы жатақхана. Толығымен күрделі жөндеу жасалып, жиһаздармен жабдықталған. Балалардың тынығып бой жазатын бөлмелерін айтпағанда мұнда киелі өлкенің тарихынан сыр шертетін мұражай да бар. Ауданның әр жерінен келетін демалушылар негізінен көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балалары.

НҰРЛАН СЕЙІТОВ, «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің директоры

Бағдарлама өте қызықты және көп болып тұр. Балалардың әрбір уақытын тиімді қолданамыз. Сокралды жерлерге де апарамыз деп отырмыз. Оған арнайы көліктер белгіленген. Сонымен қатар, жаңағы Торайғыр ауылындағы тамаша табиғатты барынша түсіндіріп, көрсетіп оларға үйретуге тырысамыз. 

Майқайың кентінен демалуға келген Фатима мен Әмір достар тауып та үлгерген. Жеткіншектер тұмса табиғатқа деген  таңданыстарын жасыра алмады.   

ФАТИМА ӘЛІБЕК, Майқайыңдағы №1 мектеп оқушысы

Иә, мен осында көп достар таптым және де мен осындай әдемі табиғатты бірінші рет көріп тұрмын. Маған осы лагерь қатты ұнайды деген ойдамын және де жылдар бойы осы жазғы сауықтыру лагеріне келіп отырамын. 

ӘМІР ЗЕЙНЕШ, Майқайыңдағы №1 мектеп оқушысы

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері бірінші рет болып тұрғандықтан келіп мұнда көрейін деп, осы Торайғыр жері біздің Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жері дейді ғой, осы жердегі сокарлды қасиетті жерлерді көріп, мағлұмат көп алуға келгенмін. Көптеген жерлерге апарайын деп жатыр. «Қоңыр әулие» қасиетті жер екенін естігем.   

«Балдәурен» лагері жаз бойы төрт маусыммен жұмыс істейді. Әр кезеңде 35 баладан тынығады. Жас өспірімдерге шығармашылық қабілеттерін пайдалануға толықтай мүмкіндік бар.  

Есенбек САНАТҰЛЫ

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР CO-WORKING-ОРТАЛЫҚТАР ЖАЙЛЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?
15:06, 21 қыркүйек 2018
ТҰРҒЫНДАР CO-WORKING-ОРТАЛЫҚТАР ЖАЙЛЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар