ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

12:47, 13 желтоқсан 2018

Павлодарлық студенттер Алматы қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan атты төртінші ұлттық чемпионатқа қатысып, жеңіспен оралды. Жарыс сұранысқа ие 30-дан аса техникалық мамандық бойынша өткен. Олардың қатарында еліміз бойынша профильдік колледждер мен ірі өндірістік компаниялар өкілдері де бар.

Мектеп кезінен робот жасауға қызыққан бұл студенттер болашағын физика саласымен байланыстырған. Колледжге оқуға түскеннен бері  әр түрлі сайыстарға жиі қатысып, биік белестерді бағындырып келеді. Жуырда ғана Алматы қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ге жуық жастар сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша сынға түсті.  Олардың қатарында «Мобилді робототехника» құзіреттілігі бойынша павлодарлық  Антон Паморзин,  Виталий Любенко  алтын медалді қанжығасына байласа,   ақсулық Юрий Варавин «Темір егеуші» аталымы бойынша қола медальді иеленді. Осылайша, студенттер Алматы қаласында өткен сайыста Павлодар қаласының намысын абыроймен қорғады.

АНТОН ПОМОРЗИН  - WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2018» САЙЫСЫНЫҢ  ЖЕҢІМПАЗЫ 
Алматыда мобильді робот техникасы бойынша "World Skills" конкурсы өтті. Бізге роботты құрастыруға арналған құрылғылар берілді. Біз бірінші күні роботты жинадық. Екінші күні бізге манипулятор берілді, соның көмегі тиді. Үшінші күні роботты лабиринттан автоматты түрде таңдау үшін  қайта бағдарламалау қажет болды. Осылайша еңбегіміз бағаланып, жеңіске жеттік. Қарсыластарымыз да осал емес. 
ЮРИЙ ВАРАВИН – «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2018»  САЙЫСЫНЫҢ  ЖҮЛДЕГЕРІ

Алматыда өткен жарыста оператор-станок мамандығын таныстым. Үшінші орын алдым. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде  екінші орын алдым,екінші  орында сәттілік жетіспеді. Бірақ, үшінші орынды еншіледім. Сарапшылар дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын.

Павлодар көлік және коммуникация колледжінің оқытушысы Наталья Титованың айтуынша, студенттер көп уақыт дайындалған. Бүгінде жас ғалымдар әр түрлі роботтар жасап, тың жаңалықтар ойлап табуда.  
НАТАЛЬЯ ТИТОВА - КОЛЛЕДЖ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біздің студенттер халықаралық деңгейдегі сайысқа бірінші рет қатысып отыр. Бұл сайыс өте қызықты болды. Қарсыластарда үлкен дайындықпен келіпті. Біздің балалар профессиналды деңгейде өз жұмыстарын орындап шықты.  Олардың жасаған роботы адамға көмектесуге арналды. Осылайша тосыннан бірінші орын алғанымызға қуаныштымыз. 
Жарысқа қатысушылардың жұмысын 400-ден аса сарапшы бағалаған.  Алматыда өткен сайыс Астана қаласында қорытындыланды. Енді павлодарлық студенттер ел намысын халықаралық деңгейде қорғайтын болады. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

 

Бақытнұр ШЕРИКБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:05, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...