ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

СӨЗ САЙЫС

16:09, 24 маусым 2019

Жастар бастамаларын дамыту орталығында дебат турнирі өтті. Шараға қатысқан мектеп оқушылары мен студенттер ой-пікірлерімен алмасты. Жалпы, «Жастар жылы» тақырыбындағы сөз сайысқа түскен 20-дан астам жас, 8 командаға бөлінді.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында түрлі тақырыптарды қамтитын дебат турнирлері жиі ұйымдастырылады. Мектеп оқшылары мен жоғары оқу орындарының студенттері бұл клубқа өз-өзін жетілдіріп дамыту үшін келеді.

Толқын Әбішева, жастар бастамаларын дамыту орталығы арт-медиа бөлімінің инспекторы:

Бұл дебаттық турнирден не күтеміз? Яғни, осы дебаттық клубқа қатысушыларды тарту және сонымен қатар жастардың ораторлық қасиеттерін, яғни олардың сөйлеу қабілеттерін жақсарту мақсатында және де осы жастардың мәселелерін қозғау мақсатында осындай дебаттық турнирді ұйымдастырып отырмыз.

Бүгінгі көтерілген тақырып «Жастар жылы». Яғни қатысушылар ұсынылған тақырып бойынша сөз таластырып, ой жарыстырады.  Сұлтан Сарымов «Самұрық» дебат клубының үйлестірушісі. Биыл ғана қазақ-түрік лицейін тәмамдаған. Жарты жылдан астам уақыт бойы жасөспірім жастар арасында дебаттық турнирлерді насихаттауда. Жалпы, бүгінгі сөз сайыс орыс тілінде өтті.

Сұлтан Сарымов, «САМҰРЫҚ» дебат клубының үйлестірушісі:

Бүгінгі қозғалып отырған тақырып жастар жылы деп аталады. Яғни біз өзімідің дебат клубына қатысушыларымызға Қазақстанның политикалық өміріне енгізіп, жастар жылы туралы көзқарасын сұрап, оларды елдің политикалық өміріне енгізу.

Дебаттық турнирлер түрлі тақырыптарды қамтып, жаз бойы жүргізілетін болады. Алда сөз сайыстың қалалық және облыстық кезеңдерін өткізу жоспарлануда.

Марина САХАРОВА.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар