ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛМАЙДЫ

15:43, 22 мамыр 2020

Білім және ғылым министрлігі «Біргеміз: ТҮЛЕК 2020» мектеппен қоштасу шараларын өткізу концепциясын әзірледі. Демек соңғы қоңырау мерекесі көрсетілген алгоритм бойынша өтуі шарт. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.

Мамыр айының 22-сі күні «Балапан» және «ЕлАрна» телеарналарында 11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдарлау бойынша Бірыңғай теле сабақ өтеді. Ол жерде оқушылардың қандай оқу орынына түсетіндігіне көмек көрсетіледі.

Еркінбек Аязбаев, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

25 мамыр күні оқу жылының аяқталуы мен соңғы қоңырауға арналған 1-10-сынып оқушыларының қатысуымен сынып сағаттары онлайн өткізіледі. Бұл жерде толығырақ оқушыларға жылдың қорытындысы айтылады. Бұл бірыңғай бір уақытта белгіленген жоқ, бірақ, кезек-кезегімен.

Ал, соңғы қоңырау мерекесі білім және ғымы министрлігінің көрсеткен талаптары бойынша әр мектептің ауласында өткізіледі. Бірақ, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы шарт. Маска режимі міндетті түрде болу керек, - дейді, мамандар.

Еркінбек Аязбаев, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Әр сынып таза ауада бөлек өткізіледі. Оның арасындағы уақыт жиілігі 20 минут. Түлектердің мектеп формасында қатысуы. Әр түлек тарапынан бір-немесе екі ата-ана қатысуға болады. Маска режимін міндетті түрде сақтау, бептерде кию және қашықтықты сақтау.

Мектеп біріту кеші тойланбайды, мектепке сыйлық ретінде ақша жиналмайды. Бір сөзбен айтқанда ата-ана ақша шашып қиналмайды. Бұл ереже облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауыл мектептеріне де қатысты.

Еркінбек Аязбаев, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Өйткені біз қашықтықтан оқыту формасына көшкеннен бері барлық шалғайдағы ауылдарға да осындай әдіспен дәріс беруді жүргіздік. Тіпті, басқа түрде жүргізу ондай жоқ. Бұл бірыңғай талап барлық мектептерге. Мысалы сіздер ана жерде той-думан жасаңыздар шалғайда жатырсыздар, біз қалада осылай өткіземіз деген жоқ. Барлығына бірдей.

Биыл облыс бойынша 3 770 оқушы 11 сыныпты тәмамдайды. Оның ішінде 189 түлек «Алтын белгіге» үміткер болса, 151 оқушы үздік аттестаттан дәмелі. Ал, ұлттық бірыңғай тест тапсыруға онлайн өтішім берген түлектер саны 86,2 пайызды құрайды.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар