ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ШАҒЫН МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ

20:11, 17 қыркүйек 2020

Осыған дейін қашықтан және кезекші сыныптардың оқу процесі туралы айтқан едік. Ал, жаңа оқу жылында дәстүрлі түрде білім беріп жатқан шағын мектептер қалай жұмыс жасауда? Қанша ауысым бар?

Бұл Ақсу ауылдық аймағына қарасты Спутник ауылының шағын мектебі. Бұнда қазір 2 ауысымда 40 оқушы білім алады. Оларды 18 мұғалім оқытады. Мектептегі оқушылар үшін елдегі эпиджағдайға байланысты санитарлық нормаларды сақтау үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратқа кіре берісте дезинфекциялық кілемше төселген, оқушылардың дене қызуын тексеретін гигиеналық бұрыш та бар.

Салтанат Досжанова, Спутник мектебінің директоры:

Біздің мектебімізде санитарлық посттар жұмыс жасап тұр. Оқу таңертең сағат 8-де басталады. 7.30-да мұғалі мен медицина қызметкері келіп екі есіктен балаларды қабылдайды. Оларды қабылдауға бізде барлық дез-ық құралдарымыз бар. Ковриктар, санитарзерлер, тепловизерлер бар. Дезинфекциялық құралдарымыз артығымен түгелімен жеткізілікті алынған.

Мектепте сабақтар 40 минуттан жүргізіледі. Сыныпта бір партада бір оқушыдан отырады. Оқушылар бұрынғыдай етене-араласпайды. Әр сабақтан кейін сыныптарға ылғалды тазалау жүргізіледі, кварц қойылады. Жалпы, Спутник шағын мектебінің оқушылары өткен оқу жылының соңғы тоқсанында қашықтан оқыды, оқытудың бұл әдісі  мындағы оқушыларға ұнамаған сірә. Себебі жаңа оқу жылында бұрынғыша мектепке оралғандарына, мұғалімдерімен, достарымен қауышқандарына риза.

Мөлдір Ибрагим, 5-сынып оқушысы:

Мен 5-ші сыныпта оқимын. Мектепке барған ұнайды. Өйткені мен достарыммен онаймын, сөйлесемін. Біз сабақ оқимыз жазамыз, сурет саламыз.  Маған онлайн оқыған ұнамайды өйкені біз күніме телефонда отырамыз. Үйде отырған қызық емес.

Жаңа оқу жылының дәстүрлі түрде басталғанына мұғалімдер, оқушылар ғана емес ата-аналар да қуанышты. Олар ұл-қызының денсаулығы үшін алаңдағанмен, мектепте білім алуды құптап отыр.

Алданыш Қабылдина, ата-ана:

Менің екі балам осы мектепте оқиды. Бірі 4 сыныпта оқыса, екіншісі бірінші сыныпқа барды. Мектептің штаттық тәртіпте жұмыс жасап жатқанына өте қуаныштымын. Себебі біз жұмыстамыз. Мектепке жібермес бұрын антисептик, маскаларын түгендеп береміз.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында облысымыздағы 181 шағын мектеп жұмысын əдеттегідей бастады. Осылайша  шалғай елдімекендегі 10 мыңнан астам оқушының оқу процесі дәстүрлі түрде жүргізіледі.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар