ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА

18:41, 12 қыркүйек 2019

Павлодарда математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық президенттік олимпиада басталды. Дәстүрлі дода осымен 12-ші рет ұйымдастырылып отыр. Білім жарысында биыл 50-ден астам 11 сынып оқушылары бақтарын сынайды.

Республикалық президенттік олимпиадаға келген оқушылар химия, биология, физика, математика пәндері бойынша білім додасына түсуде. Әрқайсысы мектепте қатаң іріктеуден өткен дарынды жасөспірімдер. Білімін таразылап, сынамаққа келген оқушылардың бірі – Ділнұр Мұратбай. Ол Павлодар қаласының нөмірі 7 мектептің 11 сынып оқушысы. Талай білім байқауларының жеңімпазы атанған. Ол бұл олимпидаға бірінші рет қатысып отыр. Тыңғылықты дайынғының арқасында үздік нәтиже көрсететініне сенімді.

Ділнұр Мұратбай, №37 мектептің 11 «а» сынып оқушысы:

Қазіргі кезде мен қатты қобалжып тұрған жоқпын. Мен өзімнің білімімді тексеруге келдім. Және де өзіме сенім артамын. Болашақта мен туризм мамандығына түскім келеді. Қазіргу кезде ұлттық бірыңға йтестілеуге дайындық үстіндемін.

Ал, Ариана Шайзадаева да осыған дейін бірқатар қалалық, облыстық байқауларға қатысып жүлдегер атанған дарынды бойжеткен. Ариана өз-өзіне өте сенімді.

Ариана Шайзадаева, №7 мектептің 11 «а» сынып оқушысы:

Мен осы олимпиададан физика, химия, биология , математика пәндерінен қызу дайындықпен келдім. Мен өзімен сенімдімін. Алдағы уақытта мен орын иеленемін деп ойлаймын.

Білім додасының мақсаты – оқушылар арасынан математика, физика, химия, биология пәндерінен дарынды балаларды анықтау болып табылады. Тапсырмалар білім министрлігінің мамандарымен дайындалған. Оларды орындау үшін арнайы уақыт та бекітілген.

Сарбиназ Шәріпова, «Ертіс дарыны» орталығының әдістемелік бөлімі меңгерушісінің м.а.:

Аталмыш олимпиадаға қаламыздың 24 мектебінен 53 11 сынып оқушысы қатысуға тілек білдірді. Осы олимпиада қорытындыларын жоғарғы оқу орындарының оқушыларынан ғылым кандидаттарынан тұратын әділ-қазылар алқасы бағалайды.  Осы олимпиада қорытындысы бойынша 10 үздік нәтиже көрсеткен бала президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне  қатысатын болады. Математика пәнінен 1,5 сағат, химия 2 сағат, биология тесттік сұрақтар болғасын 30 минут, химиядан да 1,5 сағат беріледі.

Суырылып үздік шыққандар облыстық олимпиадаға жолдама алады. Одан кейін республикалық додада бақтарын сынайтын болады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...