ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ АРТЫП КЕЛЕДІ

10:00, 21 ақпан 2020

Ел Президенті көрсеткен айқын бағыттардың бірі «Педагог мәртебесі». Бұл шаруа Ертіс-Баян өңірінде де мықтап қолға алынған. Өңір ұстаздарының кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған курстар жиі ұйымдастырылады. Мұндай қосымша білім берулер ұстаздар қауымының әдістемелік бағытын жетілдіруге септігін тигізбек.

Қазіргі уақытта педагог мамандарға біліктілікті арттыру курстары ауадай қажет. Себебі, елдегі барлық мектептер жаңартылған білім беру жүйесімен жұмыс жасап жатыр. Демек, ұстаздар тек оқушының өздігінен ізденуі үшін жағдай жасай білуі керек. Аталмыш курс та мұғалімдерді осыған баулиды.

Бағдат Балгина, Аққулы ауданының Ямышево ЖОББМ директоры:

Бұл бағдарлы курс. Бұл курста біз мұғалімдердің кәсіби шеберлігір арттыруға үйренеміз. Міне осы үш аптаның ішінде мұғалімдер және жалпы өзіміз көптеген жаңашылдықтарға, қазіргі болып жатқан білім саласында болып жатқан жаңашылдықтардың бәрін меңгеруге тырысып жатырмыз. Өйткені жаңашылдық ол – қазіргі заман талабы. Біздің өміріміздің бәрі соған бағытталған ғой қазіргі заманда.

Бұл жерде ең біріншіден мұғалімдер кәсіби шеберлігін арттыруды үйренеді. Себебі, уақыт ағымымен білім саласы жыл сайын жаңарып келеді. Өткен аптада облыс әкімі халық алдындағы есебінде биылғы жылы ұстаздарға ерекше көңіл бөлінетіндігін айтқан болатын. Әрине, мұндай қолдау – педагогтарға шабыт беретіні сөзсіз.

Бағдат Балгина, Аққулы ауданының Ямышево ЖОББМ директоры:

Әрине, қазіргі заманда мұғалімдердің еңбегінің бағаланғаны – ол мұғалім үшін мәртебесін көтереді. Себебі, мұғалім еңбегі үлкен еңбек. Оны бағалайтын болса, онда тек қана әкімшілік тарапынан емес, ата-аналар тарапынан да дұрыс көзқарас пайда болушы еді. Өйткені қазіргі таңда мұғалімді сыйлау. Мұғалімді марапаттау, әрбір жасаған жақсы істерін бағалаудың өзі көпке тұрады.

Демек, ұстаздардың шалқи өмір сүретін күні алыс емес. Ал, біліктілікті арттыру курсы сәуір айының ортасына дейін жалғасады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?
11:38, 16 наурыз 2020
ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...