ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОНЛАЙН БІЛІМ АЛУ ОҢТАЙЛЫ МА?

10:30, 22 сәуір 2020

Облыс бойынша 357 мектеп бар. Қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы білім алып жатқан оқушылардың оқу үлгерімі қалай? Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы онлайн брифингте осы сауалдарға жауап берді.

Өңірде 113 433 оқушы білім алады. Төтенше жағдайға байланысты білім беру мәселесі шешімін тауып жатыр. Облыс бойынша 357 мектеп болса, оның   274 мектебі ауылдық жерлерде орналасқан. Онда білім алатын шәкірт саны -  4209. Бүгінде өңірдегі оқушылар мен ұстаздардың 99 пайызы интернетпен қамтылған. Қалған 1 пайыз үшін қашықтықтан оқытудың бірнеше тәсілі қарастырылған. 2 мыңнан астам оқушы телеарналар арқылы сабақ оқуда.

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім басқармасының басшысы:

Бүкіл балаларымыз интернеті бар елді мекендерде өмір сүретін балаларымыздың барлығы компьютерлермен қамтамасыз етілген. Егер компьтерлері болмаған жағдайда. Өткенде айтып өткенімдей біздер мектеп фондтарынан 3656 компьютер бердік. Оның ішінде 2761 компьютер оқушыларға, 895ін оқытушыларға таратып бердік.

Арнайы сауалдарға жауап беретін саll орталық жұмыс істеп тұр.  Сауалдардың басым көпшілігі қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану бойынша оқушылар мен ұстаздардан сұрақтар түскен. Бүгінде бастапқы кезден қарағанда соғылатын қоңыраулар азайған. Демек, ұстаздар да оқушылар да қашықтықтан оқыту технологиясына үйренген тәрізді дейді басқарма басшысы.

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім басқармасының басшысы:

Өткен аптаның қорытындысы бойынша ең үлкен  сұрақ жаңа арнайы тоқталдым, үй тапсырмалары мәселесі болатын. Үй тапсырмалардың өзін түсіндірдік. Бір апта бойы әрбір облыстар, мектеп басшылғымен және мұғалімдермен біз зум конференциясы арқылы кездесіп, оларға методологиялық нұсқаулар берген болатынбыз.

Алғашқы күндері  ата-аналардан үй тапсырмалары көп берілетіні жөнінде шағымдар айтқан. Алайда, жекелеген пәндер бойынша сабақ тапсырмалары бар. Әр пән бойынша тапсырмаларды орындау уақыты 10-20 минуттан аспауы тиіс. Ал, 9, 11-сыныптарға қорытынды емтихандар өткізілмейді. Бірақ,  ҰБТ ның жай жапсары сол қалпында қалатыны министрлік тарапынан хабарланған.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...