ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

17:53, 8 қаңтар 2020

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облысытық кезеңі аяқталды. Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен жабылу салтанатында үздік командалар белгілі болды. Қатысқан 720 оқушының 300-ден артығы жүлдеге ие болды.

Жалпы білім беретін 15 пәннен 58-ші Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қалалық, аудандық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының құрама командасы облыс қалалары арасында «Үздік олимпиадалық команда» номинациясына ие болды.

Азамат Шаймұрат, облыстық «Ертіс дарыны» орталығының басшысы:

Жалпы олимпиада жөнінде айтатын болсақ, биылғы жылы олимпиаданың тапсырмалары күрделі болып келді. Әсіресе, физика химия пәндерін алатын блсақ. Сондай-ақ, биология пәні. 1 оқушының өзіне биология пәні бойынша 25 беттік тапсырма келген болатын. Бұл негізінен, ғалымдардың айтуы бойынша қазылық еткен университеттік уровенның тапсырмалары.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 351 бала марапатқа ие болды. Сондай-ақ, 1-ші және 2-ші орын алған оқушылар наурыз айында Қарағанды және Талдықорған қалаларында өтетін Республикалық олимпиадаға қатысу үшін облыстық команданың құрамына енеді. Бұл жолы жоғары оқу орындарында білім алу үшін грантты 4 түлек жеңіп алды.

Ақтоты Жомарт, 11 сынып оқушысы:

Негізі олимпиадаға мен өткен жылдан бастап қатысамын. Өткен жылы да жүлделі 1 орынға ие болып, республикалық олимпиадада өзімнің бағымды сынаған болатынмын. Республикалық олимпиадада алтын медаль иегері атанып, осы жылы дүлдүлдер сайысына қайта келдім. Осы облыстық олимпиадаға 2-ші рет қатысуым болғандықтан, 2-ші кезеңде де өзімді дәлелдедім деп ойлаймын. Себебі, бүгінгі олимпиададан мен жүлделі 1-ші орынға ие болдым.

Шара соңында ұстаздар мен оқушыларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар