ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МЕН БАЛДЫРҒАН, ЖАТТАП ӨСЕМ АБАЙДЫ

09:36, 8 қараша 2019

Қаламыздағы № 46-шы балабақшада Абайдың 175 жылдығына арналған шара ұйымдастырылды. «Мен балдырған, жаттап өсем Абайды» атты ашық сабаққа ата-аналар да қатысты. Даярлық тобының бүлдіршіндері ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқады.

Сабақтың басты мақсаты – біздің ұлы кемеңгер, ойшыл ақынымыз Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, жас ұрпаққа насихаттау. Дара тұлғаның өлеңдері арқылы бүлдіршіндерге адами қасиеттерді сіңдіру. Атаулы шараға тәрбиешілер балақайларды бір ай бойы дайындаған.

Диана Ғарифуллина, №46 балабақша директорының міндетін атқарушы:

Ата-аналармен сабақтастық жұмысы, ата-аналармен конкурс жарияланды. Бірінші кезеңіне өтті, олар өздері абай өлеңдерін оқыпп видеоларын жариялады. Интернет желілерінде жариялаймыз және марапаттаймыз.

Осындай шаралардың маңызды екені сөзсіз. Осылайша, өскелең ұрпақ ұлы тұлғаларымызды ұмытпай, оның шығармашылығына қызығушылық танытады. Ашық сабақты ұйымдастыруда ата-аналардың да үлесі зор. Шара барысында Абайдың әндерінен үзінді айтылды.

Диана Ғарифуллина, №46 балабақша директорының міндетін атқарушы:

Бүгін міне балалар, Абайдың  жалпы 28 өлеңін атап өтсе, екеуін әнін орындап береді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз санасына Абай өлеңдері арқылы адамдықты, азаматтық қасиеттерін бойына сіңіріп өссе. Бұл үлкен бір игі іс деп ойлаймын.

Балабақша басшылығы ұлы ақынның мерейтойына орай әр айға шаралар жоспарын құрған. Келесі айда тәрбиешілер арасында шығармашылық байқауды ұйымдастыруды көздеп отыр.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар