ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛАДЫ МА?

20:15, 12 қазан 2020

Өңірдегі мектептерде санитарлық талаптардың сақталуына байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Аталмыш ережені бұзған білім ошақтары да анықталды.

Өңірде КВИ-ГЕ шалдыққан оқушылар саны біртіндеп артып келеді.Осы ретте Павлодар қаласының білім беру ошақтарында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң бақылауда.  

Гүлмира Ниязбекова, №17 мектеп директорының орынбасары:

Санитарлық талаптарды сақтаймыз. Біз мұғалімдер, бәріміз сақтаймыз. Оқушылар китіп жүреді. 2 сағатта бір ауыстырып отырамыз. Яғни кіреберісте олардың температулары өлшенеді. Кезекші мұғалімдер тұрады. Араларында 1 метр қашықтықты сақтап мұғалімдер сыныпқа алып кетеді.

Айта кетейік, №17 мектепте 556 оқушы кезекші сыныптарда білім алады. Ал 155 бала қашықтықтан оқиды. Арнайы құрылған топ  аталмыш білім ошағында санитарлық талаптардың сақталуын тексерді.  

Зарина Игнеева, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы:

Мониторинг аясында біз шектеу шаралары кезінде санитарлық ережелердің қалай сақталып жатқанын қараймыз. Оың ішінде оқушылардың жүріп-тұруы, сыныпта отыруы, ауысы, сабақ кестесі, сабақтардың ұзақтығын, дезинфекциялық режимнің сақталуын қадағалаймыз.

Жалпы өңірде 30 мыңнан астам оқушы кезекші сыныпта оқиды. Облыстағы 100-ден астам мектепке мониторинг жүргізілді.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Павлодар облысынан  356 мектептен 119 мектеп мониторингпен тексерілді. Оның ішінде 2 ауылдық мектептен бұзушылықтар анықталды.Олар бірден жойылды.Қазіргі таңда мониторинг жалғасып жатыр. 

Айта кететіні, облыста мектептер мен кәсіп субъектілерін мониторингілеу әлі де жалғасатын болады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар