ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕ АҚША ЖИНАУҒА ЖОЛ ЖОҚ

12:30, 17 сәуір 2019

Павлодардағы мектептер мен колледж директорлары жеке жауапкершілік жөніндегі келісімге қол қойды. Осылайша олар, өздері басқаратын мекемеде жемқорлыққа жол бермейді. Егер, қандай да бір құқық бұзу дерегі байқалса, бірінші басшы да жауапты болады. Әйтсе де, құжатқа қол қоюда біраз дау туындады.

Бұған дейін «Ертіс адалдық» алаңы жобалық кеңсесі өңірдегі бас дәрігерлермен жеке жауапкершілік жөнінде келісім жасасқан болатын. Соның арқасында қазір емдеу мекемелерінде келеңсіздіктер азайды. Енді, бұл жоба білім саласына да жетті. Алайда, мектеп директорлары келісімге оңайшылықпен келер сыңай танытпады. Құжаттың қаншалықты заңды екенін нақтылап, сұрақ сауалдарын жаудырды.   Білім - жемқорлыққа бейім саланың бірі екені жасырын емес. Мектептерді былай қойғанда, бала бақшалардың өзінде түрлі шараларды сылтау етіп ақша жинау оқиғалары көп кездесіп жатады. Жеке жауапкершілік туралы келісімді жасаудағы басты мақсат, қоғам індетіне айналған осы құқық бұзушылықтың алдын алу және жою.    

Нұрлан Жахин, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті басшысының орынбасары

 Мектеп ремонт жасау керек, шараларды түрлі өткізу керек. Соған байланысты енді ата-аналар тарапынан жиі біздің сенім телефонына әр түрлі арыздар, немесе хабарламалар түсіп жатады. Мектептерде заңсыз ақша жинау. Көбінесе қазір балабақшада выпуск болып жатыр, мектептерде төртінші сыныптар. Ата-аналар былай қарағанда екі топқа бөлінеді өздері.

Ата-аналардың бір тобы ақша жинауға өздері бастамашыл болса, оған қарсы болатын да тараптар бар. Көбінесе солар шағым түсіреді.

Нұрлан Жахин, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті басшысының орынбасары

5 мыңнан 15 мыңға дейін жинап жатқандар болады. Бұл мәселелердің барлығын заңдастыру қажет. Ата-аналар жиналысы олар өздері жинап, жаңағы қамқорлық кеңесі бола ма соның барлығының заңдылығын, олардың қызметін зерделеп зерттеп осы, талдап нақты қсынымдар енгіземіз.

Бүгіннен бастап «Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өңірдегі барлық білім мекемелеріне мониторинг өткізбек. «Оқу жылы соңында жұмысымызға кедергі болады», деп оған да наразылық білдірген директорлар болды. Мемлекеттік қызмет органының мамандары, сараптама жұмыстарының еш бөгеті жоқ екенін түсіндірді. Айтпақшы, кеше ғана білім және ғылым министрі мектеппен қоштасу кешін білім ұясының өзінде өткізу керек екенін айтты. Директорлар бұған да наразы болар ма екен?!  

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫММЕН БАЙЛАНЫСЫ
19:08, 19 шілде 2019
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫММЕН БАЙЛАНЫСЫ
Толығырақ...
«ЭКОӘЛЕМ» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНДЕГІ ТАЛАНТТЫЛАР АЛАҢЫ
18:57, 18 шілде 2019
«ЭКОӘЛЕМ» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНДЕГІ ТАЛАНТТЫЛАР АЛАҢЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...