ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

МЕКТЕПКЕ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

20:30, 4 тамыз 2020

Шарбақты ауданы Галкин ауылының орта білім беру мектебінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. 1964 жылы салынған оқу ордасының ғимаратына бұл тұңғыш рет жасалып жатқан жаңарту жұмыстары. Атқарылып жатқан іс «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқасында жүзеге асуда.

163 оқушы білім алып жатқан Галкин мектебі  өткен ғасырдың 64 –ші және 82-ші  жылдары бой көтерген екі ғимараттан тұрады. Жарты ғасырдан асқан оқу ордасының бұл алғаш рет жөнделуі. Жоспар бойынша тамыздың басында жұмыс толық аяқталуы тиіс.

Ирина Үздембаева, Галкин орта білім беру мектебінің директоры:

Жобалау-сметалық құжаттама бойынша терезелер мен  есіктер толықтай жаңадан қойылды, спорт залындағы еден, акт залы мен химия кабинетіндегі линолеум ауыстырылды. Аталған жоба 40 млн 948 мың теңгеге шақталған. Мердігерлеріміз "Респект-строй проект ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 5 млн 466 мың теңге үнемделді.

Александр Макаренко осы мектептің түлегі. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң ауылда жұмыссыз жүрген  жігітке жөндеу жұмысының арқасында екі  қолына бір іс табылған.  

Александр Макаренко, Галкин ауылының тұрғыны:

Мен жұмысқа жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрдым. 2 ай болды істеп жатырмын. Мектебіміздің жөнделіп, бізге жұмыс табылғанына қуаныштымын. Осы бағдарлама бойынша 5-6-жігіт істедік. Жалақысы көңілімнен шығады.  

Галкин орта мектебі аудандағы үздік білім ошағы. Биыл мектеп бітірген 25 түлектің  біреуі үздік шығып, үшеуінің «Алтын белгіні» иеленуі соның дәлелі. Спорт пен мектеп аумағын безендіру бойынша да оқу ордасы облыста алдыңғы қатарда. Ұстаздар мен оқушылар өз күштерімен Қазақстан картасы бейнесінде гүл алаңын егіп, сарқырама жасап қойған, тіпті өз бәйтеректері де бар.

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...