ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

МЕКТЕП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

21:28, 22 қазан 2020

Шаһардағы 34 мектеп карантинге жабылды. Орта білім беретін мемлекеттік мекемеде короновирус індеті анықталған 4 жағдай тіркелді.

Індеттін ілмегіне бастауыш сыныпта білім алатын 3 оқушы мен бастауыш пәні мұғалімі ілікті. Сол себепті, қаладағы 34 мектеп карантинге оқшауланды. Айта кетейік, бұл жалпы білім беру үрдісін тоқтатқан аймақтағы алғашқы мектеп. Білім алушылар қашықтықтан оқу үрдісіне көшті. Енді мектеп толықтай дезинфекциялық шаралардан өтеді. Қаулы екі аптаға шығарылды, яғни, 2020 жылғы 19 қазаны мен 1 қараша аралығында.

Әсия Жекебаева, қалалық сапа және өнім қауіпсіздігін бақылау бөлімінің орынбасары:

Бастауыш сыныпта оқитын үш бала, оның екеуі бір сыныпта білім алады. 4-ші жағдай - бұл дәл осы мектептің бастауыш мұғалімі. Тестілеу жүргізілді, енді талдаудың нәтижелерін күтеміз, бұл мектеп уақытша жұмысын тоқтатты, қалған оқушылар қашықтықтан оқуға жіберілді.

Бүгінгі күні шаһардың екі мектебінде 2 кезекші сынып және облыс орталығының екі балабақшасында екі топ жабық тұр. Сарапшылардың пікірінше, егер білім беру мекемесінде COVID-тің үш жағдайы анықталса, карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулы шығады.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

 

Тақырып бойынша материалдар

15 МЫҢНАН АСТАМ КОМПЬЮТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
20:19, 2 желтоқсан 2020
15 МЫҢНАН АСТАМ КОМПЬЮТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар