ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

11:55, 15 сәуір 2020

Қашықтықтан оқытудың алғашқы аптасы аяқталды. Білім берудің бұл форматы әлі қанша уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз. Елдегі төтенше жағдай мерзімі ұзартылғандықтан, бұл тәсіл қазіргі уақытта ең тиімді. Оқушылардың үйде білім алуы қалай болып жатыр?

Самал Қалиқызы, тілші:

6 Сәуірден бастап қазақстандық оқушылар осылай үйде оқуда. Алғашқы апта аяқталды. Әрине оңай емес. Оқушылар жаңа форматта білім алса, ата-аналар жаңа жүйемен танысып, балаларына жақындай түскендей. Өз басым, ата-ана ретінде бірақ нәрсе түсіндім. Мектептегі 20-25 балаға сабақ беретін мұғалімдердің жұмысы оңай емес екен.

Қашықтықтан  білім беру бүгінгі таңда ең тиімді әрі қауіпсіз тәсіл. Оқушылар білімді дәстүрлі емес заманауи түрде игеруде. Білімдерін интернет желісі, теледидар, алдын ала дайындалған бейнероликтер арқылы алады. Сондай-ақ,  мұғаліммен осылайша байланысқа шығуға да болады.  

Сымбат, Қымбат Құспановалар, павлодардағы №12 мектептің 9-сынып оқушылары

Онлаин сабақтар бізге әзірге қиындық тудырып жатқан жоқ. Өйткені, мұғалімдер бізге тапсырмаларды ватсап арқылы жіберіп, әрқайсысын түсіндіруге тырысады. Білмей жатқан сабақтарды ортақ чатқа жазып сұраймыз.Тапсырмалардан бөлек бізге олар бейнероликтьер жібереді, ол бізге тапсырманы, тақырыпты одан әрі тереңдетіп түсінуге септігін тигізеді.

Бұл ретте, ата-аналарға да оңай емес. Жауапкершілік арта түсті. Төртінші тоқсан ұзақ емес, сондықтан аз  уақытқа шыдап кетсек, дейді ата-аналар.

Әсия  Мәдеева, ата-ана:

Қазіргі уақытша жағдайға байланысты балаларымыздың қашықтықтан оқытуға көшіге тура келді. Әрине басында ата аналар, мұғалімдерге, балаларымызға қиын болды. Бір жұма өткеннен кейін бәрі өз қалпына келді. Сондықтан ата аналар сізге айтарым, аз уақытқа шыдайық. Бірлігіміздің арқасында осы жағдайды жеңіп шығамыз.

Айта кетейік, оқытудың бұл тәсілі біздің елде ғана емес, бүкіл әлемге ортақ. Себебі, айтуға тіл бармайтын COVID-19 вирусы жер шарының түкпір түкпіріне жетіп үлгерді. Қазіргі таңда әлемнің шамамен 1 миллиард 200 миллион оқушысы үйден оқуға мәжбүр. 

 

САМАЛ ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...