ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ Толығырақ

Қантай Әмірханқызының атына кабинет берілді

15:48, 4 қазан 2016

Ұлы Отан соғысы жылдары қан майданға аттанып, ерлермен тең ерлік көрсетіп, қаһармандық танытқан қазақ қыздары болған-ды. Солардың бірі – жаудың әуе күштерін талқандап, ерлігімен көзге түскен жерлесіміз Қантай Елубаева. Соғыстан соң оқу-білім саласында 46 жыл еңбек етіп, ұстаздық салада сара жолын қалдырған жанға Бейсен Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде арнайы кабинет ашылды. Оның табалдырығын алғашқылардың бірі болып аттағандардың қатарында арнамыздың тілшісі де болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан әйелдерiн майданның әр тұсынан кездестiруге болатын-ды. Олардан ұшқыш та, танкист те, радист те, барлаушы да, партизан да шықты. Айталық, гвардия лейтенанты Хиуаз Доспанова, ұшақтың механигi Дәмелi Жәкеева,  танкист Жамал Байтасова, пулеметшi Жәмилә Бейсенбаеваның соғыс даласындағы ерліктері аңызбен пара-пар еді. Сол 1943 жылы Алматыдан майданға аттанған 73 қазақ қыздарының арасында Қантай Елубаева да бар еді. Ол Хабаровскіде қызмет етіп, шекараның әуеге қарсы қорғанысын қамтамасыз етті. Зенитші қыз жаудың әуе күштерін талқандап, ерлігімен көзге түсті. Соғыстан кейін ЖенПИ-ге оқуға түсіп, оны аяқтаған соң 46 жыл бойы педагогикалық училищеде тарих пәнінің мұғалімі болды. «Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты жиында ұстаздың есіміне математика және оқу әдістемесі кабинеті беріліп, тұсауы кесілді.

 

Ұлы Отан Соғысына қатысқан майдангер, педагогикалық сала ардагері 2013 жылы, 90 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Оның ерлігі мен еңбегі оқу орнының шәкірттері үшін  өмірлік өнеге болмақ. Ал ұстаздың есімімен аталған кабинетте тәуелсіз, бейбіт елдің өрендері білім алмақ. 


Қуандық ТАНАБАС

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕ 1000 IT  СЫНЫПТАР АШЫЛАТЫН БОЛАДЫ
16:34, 19 сәуір 2018
БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕ 1000 IT СЫНЫПТАР АШЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Толығырақ...
100 КІТАП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
15:36, 19 сәуір 2018
100 КІТАП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
14:56, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
10:43, 17 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Толығырақ...