ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

IT STEM - ЗЕРТХАНАСЫ

10:10, 13 қараша 2019

Павлодардағы мектептердің бірінде заманауи жабдықталған Stem-зертхана ашылды. Қазіргі таңда білім беру саласындағы Stem бағыты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына негізделген маңызды бағыттардың бірі. Бұл қуанышқа біздің түсірілім топ та ортақтастып қайтты.

Қалалық №34 жалпы орта білім беру мектебінде 1500-ға жуық бала оқиды. Олардың барлығы, яғни, 1-ден 11-ші сыныпқа дейін Stem-зертханада жұмыс жасайды. Аталмыш жоба 4 бағытты қамтыған: инженерлік іс, бағдарламалау, робототехника және 3d-модельдеу.

Илья Поляков, №34 ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі:

Дәл осы кабинетте балалар дайын роботтарды, ұялы телефондарға арналған 3д моделдеуді құрастырады. Осы жерде жүзеге асырған жұмыстарының барлығы мектеп бітіргеннен кейін өздерінің стартап идеяларына айналуы мүмкін. Бұл кабинеттің бізде ашылғанына өте қуаныштымыз. Оқушылар да дән риза.

Богдан Пашков, №34 ЖОББМ 8-сынып оқушысы:

Бұл кабинеттің ашылғандығы мені қатты қуантты. Енді мен өз идеямды жүзеге асыру үшін осы жерде узақ уақыт отыратын боламын.

Максим Малыгин, №34 ЖОББМ 8-сынып оқушысы:

Бұл өте жақсы бастама. Себебі, бірнеше ғылымды қамтиды. Сонымен қатар, компьютерде бағдарламалауға болады. Тіпті, мынадай робот құрастырып, қарапайым информатикамен, математика, физикамен да айналысуға болады. Жалпы айтқанда әмбебап зертхана.

Айта кетерлігі, Stem-зертхана қамқоршылық кеңесінің демеушілігі арқасында ашылып отыр. Ата-аналар өз балаларының биіктен көрінгендерін қалайды. Мұндай инновациялық кабинет, оқушылардың мүмкіндігін еселей түспек.

Сандуғаш Қалиева, ата-ана:

Мұндай кабинет бізге өте қажет еді. Ата-аналар алқасы болып өзара ақылдастық. Өйткені балаларымсыздың болашағына алаңдаймыз әрине. Қазір қуанышымызда шек жоқ. Бәрінен бұрын ата-ана ретінде мектептің дамуына өлшеусіз үлес қосқанымызға шаттанамыз. Мұның барлығы саналы, білімді ұрпақ үшін деп түсінген дұрыс.

Заманауи кабинеттің жалпы құны 1 млн 190 мың теңге. Бұдан бөлек, жаңа компьютерлік техника, робототехника мен проекторға арналған жиынтық сатып алынды. №34 жалпы орта білім беру мектебі облыстық, республикалық және халықаралық жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша түрлі байқауларда топ жарып жүр. Ал, бұл зертхана арқылы жетер жетістік еселене түспек.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
11:53, 10 желтоқсан 2019
ҚАЛАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...