ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

21:09, 5 тамыз 2020

Коронавирус білім саласына да өзінің өзгерістерінің енгізді. Оқу жылы қашықтан жүргізіліп, түрлі деңгейде өтетін сайыстар мен жарыстар онлайн түрде ұйымдастырылуда. Мәселен, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Қайдар Қайырбек химия пәнінен 54-ші халықаралық Менделеев олимпиадасында екінші орынға ие болды.

Биыл басқа шаралар мен жарыстар сияқты Менделеев оимпиадасы да онлайн түрде зум  платформасы арқылы өтті. Оған қатысушыларға еркінсуге мүмкіндік болмады, себебі биылғы тапсырмалар өткен жылмен салыстырғанда қиын дейді Қайдар Қайырбек.

Қайдар Қайырбек, Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы:

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Маған оның біріншісі қиын болды. әдетте екіншіге қарағанда бірінші жеңілірек болады ғой.  

Қайдар Қайырбектің химия пәніне деген қызығушылығы 5-сыныпта басталған. Оның түрлі олимпиадаларда бақ сынауы, дайындалуы бұл пәннен Халықаралық олимпиадаға қатысуына септігін тигізді. Айта кетейік, халықаралық  химия олимпиадасы 23-29 шілде аралығында Стамбұлда өтуі тиіс еді. Қазақстандықтар бұл білім додасында 4 қолаға ие болды. Олардың біреуі Қайдарға бұйырды.

Қайдар Қайырбек, Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы:

Халықаралық химия олимпиадасында уақытты жеткізе алмау мәселе болды. Мәселен мен өткен тапсырмаларға қайта келіп шешуіме уақыт болмады. Осыған байланысты көп ұпайымды жоғалттым.  

Мұғалімдері де оқушының бойындағы жақсы қасиеттердің барын бірден түсініп, түрлі олимпиадаларға дайындай бастаған. Оқушы демалыс күндері де әзірлігін үзбеген. Педагогтары да жан-жақты қолдау көрсетті.

Асылбек Оразбайұлы, Назарбаев зияткерлік мектебі химия пәнінің мұғалімі:

Оқушыларды олимпиадаға дайындаймын дегенде, ол бірінші болып жазылды. Сосын оны байқадым. Логикалық тұрғыда өте жақсы, математикасы жақсы. Мақсатқа жетуге деген мінезі болды. негізгі крийтерийлері сол болды.

Айта кетейік, Қайдар өзінің болашақ мамандығын химиямен байланыстырғысы келеді. Әзірге бұл бағытта биік белестерді еңсеру керек дейді, ол.

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ, Ерғали РАМАЗАНҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...