ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛІН СҮЙГЕН – ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

19:22, 29 қараша 2019

Еліміздің барлық мектептерінде «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылы» атты ашық сабақтары өтіп жатыр. Мақсаты-оқушылардың бойында тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы түсінік қалыптастыру.

Ел Парламенті «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, 1-желтоқсанды Тұңғыш Президен күні деп белгілегені жұрт есінде. Міне содан бері қыс айының алғашқы күні республика тұрғындары үшін үлкен мереке.

Айсана Қазиева, 4 сынып оқушысы:

Тұңғыш Президент тақырыбында ашық сабақ өтті. Онда біз президентке қандай құрметпен қарауымыз керек. Әр көшбасшының бойында қандай қасиеттер болу керек екендігін білдік. Көп тапсырмалар жасадық. Диалог өткіздік және қорытынды жасадық.

Тәуелсіздік алғанда Қазақстан ТМД кеңістігінде ең алғаш болып шекарасын бекітті. Ал, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаттық алған жылдарынан бастап көрші елдермен достық қарым-қатынас орната білді.

Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы:

Мен Елбасының жастық шағы туралы, оның ерлігі туралы, қанмен, жермен келетіндігі, осының бәрін көрсете білді. Сондықтан ол кісінің кездейсоқ емес келгені.  Балаларға үлгі көрсететіндей, жасған істері бар. Жақсы оқыған. Осының барлығы, тұрмысымыздың түзеліп, жақсы болғаны Елбасымыздың қажырлы еңбегінің арқасында.

Шара барысында оқушылар бір-бірімін пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Осылайша,  жастардың өз Отанынан деген сүйіспеншілігі артады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...