ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК

20:31, 12 қазан 2020

Ұстаздар күні қарсаңында еліміздің ең үздік ұстаздары 2 миллион 700 мың теңге иеленді. Республика көлемінде өткен сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 143 мұғалім қатысқан. Олардың 64-і жеңімпаз атанды. Бұл сайыста біздің өңірден жеңіске жеткен ұстаздар кім?

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия үшін жаңа оқу жылы жемісті басталды. Білім ордасының педагогы, география пәнінің мұғалімі - Серік Балықбайұлы республикалық сайыстан «Үздік педагог – 2020» атағына ие болып, қанжығасына 2 миллион 700 мың теңгені байлады. Бүгінгі күнге дейін ұстаздық жолда 10 жыл қызмет етеді. Осы уақыт аралығынада алтын уақытын шәкірт тәрбиесі мен біліміне арнаған  мұғалімнің  жанған еңбегінің жемісі болды.

Серік Төлегенов, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның мұғалімі:

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында жаңағы марапатты ҚР білім және ғылым министрінің қолынан алған болатынбыз. Осы мектептің ұстаздарының бұл жеңіске елеулі үлесін қосқан шәкірттерінің, мені үнепмі қолдап жүрген отбасымның және тұтастай облысының білім беру саласының жеңісі деп білемін.

Серік Балықбайұлының бүгінгі мамандығы –  оның бала күнгі арманы. Бұл жолды таңдауға мектептегі мұғалімдері себепкер болғанын айтып өтті. Ұлағатты ұстаздары оның тұлға болып жетілуіне зор үлес қосқан. Сөйтіп, есейген шағында еш ойланбастан ұрпақ тәрбиелеу бағытында білімін шыңдауға бел быпты. 10 жыл еңбек өтілімінің 4 жылын туған мектебіне арнаған.

Салтанат Шабажанова, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның директоры:

Бүгінгі  Серік Балықбаевичтын марапаты ол тек қана ұстаздың ғана емес, ол мектептін үлкен абыройын көтеріп тұрған дәреже деп қабылдауымыз керек. Бұл әсіресе жас мұғалімдер үшін мотивация. Қазір біздің ортамызда жас мұғалімдер өте көп. Солардың барлығы Серік балықбаевичқа қарап бой түзеп, тәжірбие алмасуға ықылас танытып отыр.

Кейіпкеріміз кейінгі 6 жылында Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияда қызмет етеді. Осы уақыт аралығында шәкірттері талай жеңіс тұғырынан көрінген.

Серік Төлегенов, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның мұғалімі:

Ұстаздық бір арман. Үлкен белес. Ұстаздың үлкен арманы деп айтуға болады. Сондықтан мұндай сайысқа қатысу мен үшін де бір сынақ, өз күшімді сынау, өз дәрежемді көрсете білу.

Айта кетейік, биылғы республикалық «Үздік педагог» атағына облысымыздың 4 мұғалімі ие болып, 2,7 млн теңге қаражат алды.  Осы ретте, ұрпақ тәрбиесіне жол ашқан ұстаздар қауымына мемлекет тарапынан қолдау барынша жасалып жатқанын айтып өткен жөн.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар