ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕКІ ЕЛДІҢ БІЛІМ АЛМАСУЫ

10:05, 13 қараша 2019

Биыл еліміздің жүз мұғалімі Нұр-Сұлтан қаласында Америка құрама штатарының Болл Стейт университетінің профессорларынан тәлім алды. Олардың 20-сы Павлодар облысының оқытушылары. АҚШ ғалымдары ғылыми-жаратылыстану және ағылшын тілі бойынша тренингтер өткізген. Бүгін Торайғыров университетінде шетел ғалымдарынан тәлім алған ұстаздар, алған білімдерімен бөлісті.

Өткен сәуір айында АҚШ-тағы Болл Стейт университетінің профессорлары Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Өскемен және Ақтөбе қалаларының 50 ғылыми-жаратылыстану пәні мен 50 ағылшын тілі мұғаліміне жобалық оқыту негізіндегі кәсіби даму тренингін өткізген болатын. Осы оқудан өткен павлодарлық ұстаздар соның нәтижесімен  бөлісті. Мұғалімдерді даярлау бойынша Болл Стейт зерттеу университетінің бағдарламасын Қазақстандағы АҚШ елшілігі қаржыландырған. Елшіліктегі мәдениет бойынша атташесі Энн Перреллидің айтуынша, жобаның басты мақсаты – Қазақстандағы үш тілде білім беруді жетілдіру және оқу-әдістемелік материалдарды көбейту.

Айдана Кеңесбаева, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің алмасу бағдарламалар үйлестірушісі:

Осы жобаға біз Болл Стейт университетін шақырдық. Себебі, Индиана штатында орналасқан университет педагогикалық сабақ беру жағынан өте мықты мектеп болып саналады. Осы университет шетелдік студенттермен өте көп жұмыс жасағандықтан, біз оларды осы жобаға шақырдық.

Осы жоба бойынша Ертіс-Баян өңірінің жиырмадан астам ұстаздары өздерінің ағылшын тіліндегі біліктіліктерін арттырып келді. Біреулері ағылышын тілінде өз пәні бойынша сабақ берсе, кейбіреулері өз мамандықтары бойынша ағылышын тіліндегі сайт ойлап тапқан. Ұстаздардың айтуынша, 1 айлық жоба олардың ағылшын тілін үйренуге көп септігін тигізген.

Әйгерім Қалиева, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей интернатының мұғалімі:

Қазіргі кезде жаһандану заманы, үш тұғырлы саясат дегендіктен, біздің өзіміздің жобамыз осы үш тілдікке бағытталған. Мен өзім биология пәнінің мұғалімі болғандықтан, қазіргі таңда биологияны ағылшын тілінде беріп жатырмын. Және өзімнің тәжірибемді тарату мақсатында біз тобымызбен сайт құрастырдық. Осы сайттың негізгі мәні барлық қажетті материалдар, ақпарттар барлығы бар.

Айта кетерлігі, аталған жоба елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Болашақта жоба жалғасын табады деп үміттенеді, ұйымдастырушылар.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
11:53, 10 желтоқсан 2019
ҚАЛАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...