ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ДОМБЫРА СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

12:46, 6 желтоқсан 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде домбыра сыныбын ашу қажет екендігін айтқан болатын. Осы ретте Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік мерекелері қарсаңында Шарбақты ауданында «Домбыра сыныбы» ашылды. Қазіргі уақытта ұлттық аспапта ойнау өнеріне 20-ға жуық оқушы қызығушылық білдірген.

«Еркем-ай» әнінің ырғағын оқушылар бір ай ішінде үйреніпті. Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру меткебіндегі домбыра сыныбы шағын болғанымен – балалардың ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Сол себепті, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақ басшысының тапсырмамен – қазақ тілінде білім беретін мектептерде домбыра сыныбын ашу қолға алынды.

Нұрмира Жақыпова, А.Құнанбаев атындағы ЖОББ директоры:

Бүгінгі күні жалпы білім беру мектептерде білім мазмұнының жаңаруына байланысты оқушыларға қосымша білім ьеру сұрағы өте жақсы деңгейге қойылып отыр. Осы орайда, біздің балаларымыз қазақтың қасиетті домбырасын үйреніп бүгінгі күні қосымша білім беруге септігімізді тигізіп жатырмыз деуге болады.

Домбыры сыныбының жетекшісі - Ләззат Байболова. Музыкалық білімі бар маман енді, өз білгенін оқушыларға қосымша сабақ арқылы үйретеді.

Нұрмира Жақыпова, А.Құнанбаев атындағы ЖОББ директоры:

Бүгінгі күні 15 оқушыны қамтып отырмыз. 15 оқушының домбыралары бар. Ата-аналармен қарым-қатынас жасалып, жұртшылық та қуанып жатыр деуге болады.

Биылғы оқу жылынан бастап аймақ бойынша 2 мыңға жуық оқушыны қамтитын 100-ге жуық домбыра үйірмесі ашылды. Бұл өз кезегінде, ұлттық аспапта ойнайтын жасөпірімдердің қатарын арттыратыны сөзсіз. Сонымен қатар, Абай атындағы мектепте мұражай ашылды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар