ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ДОМБЫРА СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

19:18, 29 қараша 2019

Биыл күй өнерінің шебері, жерлесіміз Рүстембек Омаровтың туғанына 100 жыл. Осыған орай және Тұңғыш Президент күні қарсаңында Аққулы ауданы орталығындағы мектепте Рүстембек Омаров атындағы домбыра сыныбы ашылды. Сыныптың ашылуына аудандық бюджеттен екі миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Домбыра сыныбын ашудағы басты мақсат, талантты жастарды анықтау, ұлттық өнерді кеңінен насихаттау. Сонымен қатар Аққулының тумасы күйші Рүстембек Омаровтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу. Аталмыш кабинет күй өнерінің жарық жұлдызы Рүстембек Омаровтың 100 жылдығы қарсаңында іске қосылып отыр. Домбыра – қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан көне аспаптардың бірі. Дәл осы қос ішекті қоңыр үнді аспапқа қызыққан оқушылардың қарасы күн санап артып келеді. Әбуов Бейбарыс 6-сыныпта оқиды. Күй десе ішкен асын жерге қояды. Домбыра сыныбының ашылғанына алғашқылардың бірі болып қуанған.

Бейбарыс Әбуов, 6-сынып оқушысы:

Осы домбыра сыныбының ашылғанына ризамын.  Ағайыма көп-көп рахмет айтамын. Барлық ән-күйлерді үйретіп жатыр. Осы мектептегі ашылған домбыра сыныбымыз соған өте қуаныштымыз.

Қазіргі таңда домбыра үйірмесіне 30 бала барады. Сабақ аптасына екі рет өтеді. Балалардың ынтасы да жоғары.

Досан Қызайхан, домбыра үйірмесінің жетекшісі:

Қазіргі оқу жылынан бастадық. Қазір отырысы, тұрысы, оң қол сол қолдың жаттығулары солармен қазір айналысып жатырмыз. Әзірге 4-5 әнді жаттап үйреніп қалды.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра - деп Қадыр ақын жырлағандай ортаймаған азаттықтың үні, қартаймаған қазақтықтың құнына айналған домбыра сыныбын ашу өңіріміздің әр мектебінде дәстүрге айналған. Дәл осылай ұлы өнерді жаңғыртуға мүмкіндік мол.

Сонымен қатар, аталмыш мектеп қабырғасында тағы бір ерекше сыныптың ашылуы өтті. Ол – «Интеллектум» кабинеті. Бұр жер мектепке дейінгі және 1-4-сыныптың оқушыларына арналған. Яғни, балалар интеллектум ойыншықтарын қолдану арқылы  ойлау қабілетін, ой белсенділігін дамытады. Бұған аудандық бюджеттен 2 млн теңге қаражат жұмсалған. Жаңадан ашылған кабинет ішінде логиқалық қабілетті жетілдіретін 15 түрлі ойын бар. Стратегиялық ойындарды үйрету үшін педагог та арнайы курстан өткен.

Назерке Оспанова, «Интеллектум» бағдарламасының тәрбиешісі:

Осы бағдарламаны балаларға үйрету үшін мен арнайы Павлодар қаласында курстан өткен болатынмын. Интеллектум бағдарламасының негізінен 4 мақсаты бар. Ойлау қабілеті, жаңаша ойлау қабілеті, көрнекілік және стратегиялық ойлау қабілеті. Интеллекту бағдарламасы аты айтып тұрғандай балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған.

Ертеріңізге салып өтейік, интеллектум кабинеті аудандар арасында алғаш рет Аққулыда ашылып отыр. Ал қалалар арасында кеншілер шаһары көш басында.  Салтанатты шараға жергілікті зиялы қауым, ардагер ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:53, 8 қаңтар 2020
ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...