ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ДОМБЫРА КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

11:10, 8 қараша 2019

№3 дарынды балаларға арналған гимназияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Домбыра кабинеті» ашылды. Бұған дейін тек орыс тілінде білім беріп келген мектепте қазақ сыныптарының ашылғандығы бір қуантса, енді домбыра сыныбының пайдалануға берілуі оқушылар мен ата-аналардың қуанышын еселеп отыр.

Қазақтың қара домбырасының құдіреті мен қасиетін жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ашылған Домбыра кабинеті заманауи үлгіде көрген көзді қуантады. Оқушылар болса, қолдарына бір-бір домбырасын ұстап, ұлттық киімді өздеріне жарастыра киіп алған. Әсіресе, бастауыш сыныптың өнерге деген құштарлығы тым ерекше. Кабинеттің ашылу салтанаты да – ертеңгі тарихтың еншісіне кете барды. Айта кету керек, бұл Домбыра кабинеті – Қамқорлық кеңесі мен  ата-аналардың гимназияға жасаған  сыйы болып отыр.  Ата –аналар  ұйымдаса келе мектепке 20 ұлттық аспапты сыйға тартқан. Іс – шара барысында оқушылардың қатысуымен Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің тамаша күйлері орындалды.Домбыра кабинетінің ашылу салтанаты жайлы толығырақ алдағы уақытта арнамыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан біле аласыздар.

 

Әсел Жақсыбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар