ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР

10:17, 19 ақпан 2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулық нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы Павлолар облысында іске қосылды. Осы орайда, қаламыздағы нөмірі 37-ші жалпы орта білім беру мектебінде семинар өтуде. Оған аймағымыздың 150-ге ұстаздары қатысып жатыр. Елордадан келген меймандар күні бойы оқыту тренингтерін өткізуде.

Семинарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының мектеп медицинасы мәселелері жөніндегі кеңесші мамандары басшылық етті. Олар осыған дейін Қазақстанның бүкіл өңірлерінде болыпты. Шараға меткеп директорлары мен ұстаздар, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер қатысты.

Ақбота Әбілдина, ДНКМ ДДҰ жобасының ұлттық үйлестірушісі:

Бұл жоба мектептердің өз бастамасы бойынша, яғни мектептегі денсаулықты нығайтуға ықпал етуге бағытталған. Өйткені, әрбір мектепте оқушылардың денсаулығы мен қатар ұстаздардың да денсаулығын нығайтуға арналған шаралар болуы керек. Денсаулығы мықты оқушы алған білімін терең сіңіріп, жақсы нәтижелерге қол жеткізетіні анық. Дені сау мұғалім өмірге өкпесі жоқ, әлеуметтік қамтылған, өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, мықты нәтиже көрсетеді.

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер жүйесіне Павлодар облысының 103 білім беру мекемесі енгізілген болатын. Соның ішінде нөмірі 37ші мектеп те бар. Салауатты өмір салтын ықпал етуге бағытталған жобасына дейін де бірқатар жұмыстар қолға алынған.

Ләйлә Жүсіпова, №37 ЖОББМ директоры:

Мақсатымыз – салауатты өмір салтын қалыптастыру. Және балалармен ата-аналардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау. Яғни, ол үшін мектебімізде салауатты өмір слатын қалыптастыруға мүмкіндік бар. Барлық жағдай жасалған. Мектебімізде үлкен және кіші спорт залымыз бар, волейбол, баскетбол, футбол жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, жеңіл атлетика және дене мүшелерінің қимылдауына арнайы жаттығулар өткізіледі.

Тренинг жүргізушілер Еуропа елдерінің тәжірибесін ескере отырып, мектептег іденсаулықты нығайтуға бағытталған жалпыішілк әдіснама тәжірибесімен таныстырады. Осы бағыттағы әрекеттерді жоспарлау бойынша ұстаздардан құрылған жұмыс топтарымен жұмыс атқарады. 

Құралай Әбдірахманова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Әр мектеп бұл шараға кірген кезде өздері аранайы бағыт таңдайды. Біреулері денсаулықты нығайтуға, физикалық белсенділікті алатын болса, біреулері дұрыс тамақтану саласын алатын болса, мұны анықтап білу үшін әр мектепөз тарапына арнайы талдау жасайды. Арнайы жұмыс тобы құрылады. Енді бұл меткеп өз-өзіне баға береді.

Ең алдымен мұндай тренингтер денсаулықты нығайтып, оқушылардың жеке мінез-құлқын жақсартуға септігін тигізеді. Үш күндік семинар Аққулы ауданында жалғасады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?
11:38, 16 наурыз 2020
ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...