ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БРАЙЛЬ ӘЛІПБИІН СЫЙЛАДЫ

10:54, 14 қыркүйек 2020

АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеушілер кішкентай оқушыларды сыйлықтарымен қуантты. Олар Зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған мамандандырылған мектепке брайль әліпбиін жасап шығарды. Ол үшін №7 мектеп-интернатының қызметкерлері өз тәрбиеленушілерінің толық білім алуы үшін өтінген. Ұстаз өтініші жерде қалмай, бірден іске кіріскен.

Бұл алфавит оқушылар үшін аса маңызды. Луи Брайльдің есімі қазіргі таңда дүниежүзіндегі барша зағип жандар үшін ең жақын, қымбат есім. Себебі, зағип жандар аталмыш әліпбимен әріп танып, өзін тұлға ретінде жетілдіре алады.  Еске салсақ, оқырман мәтінді оқу үшін басылған жолдарды саусақтарының ұшымен жүргізеді. Осы ретте, АП 162/4 мекемесінің сотталушылары бүлдіршіндерге арнайы әліпби жасап шығарды.

Азамат Базарханов, АП 162/4 түзету мекемесінің тәрбие бөлімінің жасақ бастығы:

7 арнайы интернатының қызметкерлерінің сұрауы бойынша, 4 сотталған бір ай уақыт аралығында осы Брайль азбукасын және көздері нашар көретін балаларға арнайы шахмат дайындалды.

Биыл  1-сыныпта 6 бала жалпы білім беру бағдарламасы арқылы тәлім алады. Және олар мұндай сыйлыққа аса мұқтаж. Мұғалімі егер зағип балалар кішкентайынан осы әліпбиді оқыса бірден меңгеріп алатынын жеткізді.  Айта кетейік, әліпби орыс және латын тілінде жасалған.

Армангүл Будажакова, сынып жетекшісі:

Брайль әліпбиі біздің оқушылар үшін аса маңызды. Себебі, бұл әліпбисіз мүлдем оқи алмайды, әріптерді тани алмайды. Олар осы әріптермен оқи да, жаза да алады. Сондықтан, оқушылардың толық білім алуына құрылғы зор септігін тигізеді.

Армангүл Кенжебекқызы биыл 1-сынып оқушыларына сабақ береді. Оқушылардың арасында көзі жанары тіптен көрмейтін оқушы жоқ. Ал, бұған дейін,  көру қабілеті мүлде төмен ерекше бала болған. Алайда, ол Брайль әліпбиі арқылы әріп танып, оқу мен жазуды үйреніп, толық бастауыш сыныбына тиесілі білімін алған. Бүкіл әлемде қолданылатын Брайль әдісі ерекше жандар үшін әлемнің кереметін түсініп, сезінуіне зор септігін тигізеді. Айта кетейік, АП-162/4 мекемесі №7 мектеп-интернаты қызметкерлерімен 2 жыл көлемінде ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Және әрқашан қолдау көрсетіп, көмек көрсетуге әзір. Бүгінгі шара аясында, 4 Брайль әліпбиі мен шахмат тақтасы сыйға тартылды.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар