ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

БІРЛІК АУЫЛЫНДА КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

18:19, 11 маусым 2018

Баянауыл ауданы бойынша алғашқы коворкинг орталығы ашылды. Бірлік ауылында орналасқан орталықта ағылшын тілі, компьютерді үйрену сабақтары тегін аптасына бір мәрте өткізіледі.

Бірлік ауылының мәдениет үйінің кітапханасында тұсауы кесілген коворкинг орталығы заман талабына сай жаңаша жабдықталған. Баянауыл ауданында ашылған алғашқы орталықта екі ноутбук, интерактивті тақта, тегін интернет, WI-FI желісіне қосылған теледидар, кофемашина, және шахмат ойын алаңы бар. Бұл кез-келген адамның өз сүйікті ісімен айналасуына, жастардың шығармашылық, интелектуалдық әлеуетін  арттыруға, ең бастысы кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне жасалған игі іс. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ашылған коворкинг орталығына күніне 20-25 адам келеді. Аптасына бір мәрте ағылшын тілі сабағы, компьютермен жұмыс істеу және түрлі семинар-тренингтер өткізіледі. Мектеп түлегі Жангелді Қожановтың айтуынша, оқушылар үшін, әсіресе мектеп бітірушілер үшін бұл орталықтың тигізер пайдасы мол. Бірлік ауыл кітапханасында барлық жағдай жасалған. Коворкинг орталығының ашылғанына тұрғындар дән риза. Кітапханашы Жанат Әлжанованың айтуынша, орталық әлі де танымды, пайдалы дүниелермен толықтырылмақ.

Марина САХАРОВА

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТОРАЙҒЫР АУЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
08:49, 12 маусым 2018
ТОРАЙҒЫР АУЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҮЛЕКТЕР КЕШІ ОРТАЛЫҚ ЖАҒАЖАЙДА ӨТЕДІ
18:00, 11 маусым 2018
ТҮЛЕКТЕР КЕШІ ОРТАЛЫҚ ЖАҒАЖАЙДА ӨТЕДІ
Толығырақ...
БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ОНЛАЙН ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ
11:43, 8 маусым 2018
БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ОНЛАЙН ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
11:30, 19 маусым 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛД...
Толығырақ...