ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

18:37, 12 қыркүйек 2019

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіне Назарбаев университетінің жоғары мектеп өкілдері келді. Себеп – оқу орнына Назарбаев университетінің тәжірибесін енгізу. Осы ретте «Білім беру саласындағы көшбасшылық» бағдарламасы шеңберінде екі күндік семинар жоспарланған.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындардың алдына қойылған басты мақсат -  білікті маман дайындау. Қазақстандағы жеті педагогикалық жоғары оқу орнының ішінде павлодарлық білім ордасы тұрақты екінші орында. Ал еліміздегі  университеттер жүйесінің көшбасшысы -  Назарбаев университеті. Бұл қара шаңырақ 2010 жылдан бастап білікті кадрлар даярлауда. Тәжірибе алмасуға тоғыз жоғары мектеп өкілдері келді. Семинарға 70-ке жуық маман қатысады.

Аида Сағынтаева, жоғары білім беру мектебінің деканы:

Екі күн ішінде әріптестерімізбен бірнеше бағыттағы жұмыстарды талқылайтын боламыз. Қазіргі уақытта, оқыту үрдісінде көп жаңашылдықтар бар. Назарбаев университетінде бар тәжірибені бөлісеміз. Атап өткім келеді, бүгінгі бастау алған шара оқыту семинары емес. Біз не істеу керек? Қалай жасау керектігін үйретпейміз. Павлодарлық әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, өз университетімізде де қолданысқа енгіземіз.

Іс шара аясында Назарбаев Университетінің жетекші ғалымдары коорпоративті басқаруға көшу туралы баяндамалар жасайды. Сонымен қатар, инновациялық білім беру бағдарламаларын жасау тәжірибесі мен зерттеулер жүргізудің заманауи әдістерімен бөліспек.

Алтынбек Нұхұлы, ПМПУ ректоры:

Әрине, бұл семинардан күтіп отырғанымыз өте зор. Өйткені университетіміздегі құрылымдық мәселелер, ғылыми мәселе, ұйымдастырушылық жағы және тағы басқа жұмыстардың барлығын өзгерту үшін осы Назарбаев Университетінің лгісін өзімізге қолдана білсек деген оймен жасалынып жатқан семинар. Сондықтан да бұл семинардың нәтижесі жақсы жағынан көрсетеміз деген ойымыз бар.

Аталмыш шара екі күнге жалғасады. Нәтижесінде, мамандарды даярлау сапасы жақсара түспек. Атап өту керек, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті елордалық білім ордасын шақырып отырған Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...