ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

18:29, 10 қазан 2018

Жаңартылған білім беру мазмұны, оқушыларды бағалау, сөмкелерінің салмағы мен электрондық оқулықтар. Үкімет отырысында білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Ал президенттің жолдау кезінде мектеп тапшылығын жойып, үш ауысымнан арылу үшін жаңа білім ордалары салынады. Келесі жылы ол үшін қосымша 50 млрд теңге бөлінейін деп отыр. Альбина Әшім «білімдегі» жаңалықтарды біліп қайтты.

Жаңартылған білім беру мазмұны енгізілгелі сауалдар мен түйткілдер азайған емес. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ата-аналар жаңа жүйені әлі де түсіне алмай жатқанын жеткізді. Сондай-ақ жылда жыр болатын сөмкелердің салмағы биыл да қайта көтерілді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұл мәселені шешу үшін 5-6 жыл беруді өтінді. Өйткені кітаптардың барлығын жеңіл қағаздан жасау үшін де, электрондық оқулықтарға көшу үшін де біраз уақыт қажет. Ал әзірге балалар арқаларына артылған «ауыр жүкке» шыдай тұруы тиіс.

 ЕРЛАН САҒАДИЕВ, ҚР Білім және ғылым министрі

Қағаз оқулықтарды 50-60 жыл бойы балалар тасып жүр. Біз де оны тасып жүргенбіз. Алғаш рет оқулықтардың қандай қағаздан бастылатынын, форматы, үлкендігі қандай деген секілді стандарттарды енгізіп отырмыз. Ол тек қана биыл шығатын оқулықтарға енгізілген. Енді 5-6 жылдың ішінде бар оқулықтарға енгізіледі. Бүгінде электронды оқулықтардың үлесі 70 пайыз, бәрі жұмыс істеп жатыр. Енді жаңартылған форматқа көшетін сыныптарға міндетті түрде электронды оқулықтар шығаратын боламыз.

Оқушылардың дорбаларын жеңілдетудің тағы бір амалы – мектептерде кітап қалдыратын арнайы шкафтар қою, - дейді министр. Ал кей өңірлерде шкаф қоймақ түгіл, оқушыларға орын жоқ. Еліміз бойынша 127 мектеп үш ауысыммен білім береді. Ал Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Ақмола облыстарындағы 371 білім ордасы тамақтандыру мәселесін шеше алмай отыр.

 НҰРЛАН НОҒАЕВ, Атырау облысының әкімі

Бізде аталып өткендей 2 апаттық жағдайдағы мектеп және 11 үш ауысымды мектеп бар. Мектептің құрылысы жүріп жатыр 16 млрд-қа. Біз бұл жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырамыз. Әрине, үш ауысымды мектептерді жоюға сіздердің қолдауларыңызды сұраймыз.

 ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ, Түркістан облысының әкімі

Біздегі өзекті мәселелер -  бірі – 7 апатты мектеп және 8 үш ауысымды мектеп. Олар бойынша биылғы жылы 3 апатты жағдайдағы мектеп пайдалануға беріледі. қалған 4 мектеп келесі жылға өтпелі, келесі жылы беріледі.

Өңірлердегі мектеп тапшылығын жою үшін үш жылда ел бойынша 80 ғимарат салып беру көзделіп отыр. Сондай-ақ премьер-министр бұл мәселені шешу үшін бюджетке ғана сенім артпай, бизнес өкілдерін де тартқанды жөн көретінін жеткізді. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:35, 7 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ САРАПТАМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...